Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ қызметкерлері қала әкімінің «Дарын-2018» сыйлығымен марапатталды»

ҚММУ қызметкерлері қала әкімінің «Дарын-2018» сыйлығымен марапатталды»

21 Желтоқсан 2018

«Жастар жылы» қарсаңында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік» атты салтанатты іс-шара аясында Қарағанды қаласы әкімінің «Дарын-2018» сыйлығын тапсыру рәсімі өткізілді. «Жылдың жас көшбасшысы» номинациясы бойынша ҚММУ жастармен жұмыс бөлімінің бас маманы, «Жаңғыру жолы» ҚХА республикалық жастар қозғалысы аймақтық штабының жетекшісі Урмашов Александр Николаевич және «Жылдың жас дәрігері» номинациясы бойынша №3 хирургиялық аурулар кафедрасының ғылыми қызметкері, дәрігер - хирург, PhD докторы Бадыров Руслан Мұратұлы лауреат атанды!

  Университет әкімшілігі, профессорлық-оқытушылар құрамы университет қызметкерлерін жоғары марапатпен құттықтайды. Мықты денсаулық, кәсіби еңбекте табыс және Тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін жаңа жетістіктер тілейміз!


0
3237

пікірлер

пікір қалдыру үшін.