Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Туған жерге тағзым»

«Туған жерге тағзым»

19 Желтоқсан 2018

13 желтоқсанда Жастармен жұмыс жасау бөлімі бейнелеу өнері үйірмесіменбірлесіп ҚММУ бас ғимаратының фойесінде «Туған жерге тағзым» атты студенттерінің бейнелеу өнерінің көрмесін ұйымдастырды. Шығармашылық акция «Рухани Жаныру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілді.

  Көрме – бұл әрқашан суретшілер мен қоғам үшін бір керемет оқиға. Шынайы бағалаушылар үшін бұл қызықты адамдармен сөйлесу, әдемі бір көрініске қол жеткізу, шынайы шығармашылық атмосфераға баулудын сирек мүмкіндігі.

  «Туған жерге тағзым» студенттік шығармашылығының көрмесі университеттің мәдени өміріндегі елеулі құбылыс, ҚММУ бейнелеу өнері студиясы қатысушыларының өткен жылдағы шығармашылық белсенділігінің ерекше нәтижесі.

  Көрмеде шамамен 85 жұмыс болды. Басты тақырыбы: Қазақстанның пейзажы. Көрменің қатысушылардың жұмыстарында Қазақстанның көркем бұрыштарында: Көкшетау таулары, Сары-Арқа даласы, кеңбайтақ Іле Алатауында көрініс тапқан.

  Отанымыздың барлық сұлулығын, оның бірегей имиджін айқын және толық айқындайтын дәл осы жанр. 

  Қошан Жанайдар (3-001 Стом)

  Бейнелеу өнері студиясының жетекшісі


0
2608

пікірлер

пікір қалдыру үшін.