Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Нұрсұлтан Назарбаев- Ұлттың Көшбасшысы»

«Нұрсұлтан Назарбаев- Ұлттың Көшбасшысы»

14 Желтоқсан 2018

2018 жылдың 29 қарашасында «Морфология және физиология» кафедрасының ұйымдастырылуымен Қазақстан Республикасының тұңғыш Президент күніне арналған тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты: студенттерде патриоттық сезімдерді тәрбиелеу «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру, яғни тілге деген сүйіспеншілігін , Қазақстанда тұратын халықтарға құрметін арттыру болып табылады. Тәрбие сағаты Елбасының өмірбаяны тақырыбындағы баяндамадан қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқылудан басталды. Тәрбие сағатының барысында бірінші курс студенттері «Балбырауын» күйін және басқада патриоттық ән мен күйлерді орындады. Мерекенің соңында кафедраның оқу ісінің меңгерушісі Карибжанова Роза Токетаевна студенттер мен ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.



0
3241

пікірлер

пікір қалдыру үшін.