Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Қазақ тілі – Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік тілі» «Казахский язык – Государственный язык Республики Казахстан»

«Қазақ тілі – Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік тілі» «Казахский язык – Государственный язык Республики Казахстан»

13 Желтоқсан 2018

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27-жылдығы қарсаңында 2018 жылдың 7 желтоқсанында «Медицина білімі – мемлекеттік тілдің аясында» тақырыбында біздің университетімізде өткізілетін мемлекеттік тіл айлығы шеңберінде «Клиникалық фармакология және дәлелді медицина» кафедрасында осы тақырыпқа арналған іс-шара өткізілді.

Іс-шараға әр түрлі ұлт өкілдері қатысты: В. Исаев (3-038 ЖМ), К. Сисенбеков (3-008 ЖМ), Т. Вейсенберг (3-038 ЖМ), А. Багдаулет (3-026 ЖМ), олар  қатысушыларды қазақ  мәдениетімен, қазақ тілінің тарихымен таныстырды.

«ТФП» мамандығының 3-002 топ студенттері А. Исмурзинов, К. Бекишева, Д. Байжанова, М. Мустафин мемлекеттік тілді қалыптастыру туралы презентация ұсынды. Ф. Әбілқасым (3-014 ЖМ), М. Кұлмағамбет (3-014 ЖМ), Р. Алиев (3-038 ЖМ) өлеңдерін оқыды және Д. Бектімовтың (3-038 ЖМ), И. Душабаев (3-008 ЖМ), А. Ғабит (3-008 ЖМ), Т. Вейсенберг (3-038 ЖМ) мемлекеттік тілде ән шырқады.

Әрбір азамат өз мемлекетінің тілін білуі керек. Тілге құрмет – халықты құрметтеу. Іс-шараның атмосферасы жайлы және шуақты болды. Қорытындылай келе, кафедраның оқытушылары Т.Л. Николаева және М.Т. Асмағамбетова студенттерді қысқы сессиядан сәтті өтуін тіледі, алдағы мерекелерімен құттықтап, осы іс-шараға қатысқандары  үшін барлық студенттерге алғыстарын білдірді.


0
2731

пікірлер

пікір қалдыру үшін.