Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жүректен жүрекке

Жүректен жүрекке

13 Желтоқсан 2018

«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы 2013 жылы 6 желтоқсанда құрылды. Оның құрылу идеясы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа тиесілі. Оның басты мақсаты - күшті мемлекет, дамыған экономика мен жалпыға ортақ еңбек үшін мүмкіндіктерге негізделген әлеуметтік қоғам құру.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті жыл сайын «Сен жалғыз емессің» жобасын жүзеге асырады.

2018 жылдың 9 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған облыстық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балалар үйінде кезекті іс-шара өткізілді.

Сапардың мақсаты балалармен достық қарым-қатынас орнату және психологиялық қолдау көрсету болды. Балалар үйінің тәрбиеленушілері тілдесуге бастама білдірді, жарқын жүзді және кішіпейіл болды, олар балалар үйіне экскурсия өткізді, түлектер мен оқушылардың жетістіктері, балалар үйінің құрылымы мен ережелері туралы әңгімеледі.

Балалар үшін ойындар, конкурстар өткізілді. Іс-шараның соңында үстел ойындары мен тәтті сыйлықтар ұсынылды.

Қоштасар кезде біз әрқашанда күлімсіреп жақсы көңіл күймен шығамыз, өйткені біз келгенде балалар әрқашан бақытты, бізді танып, күтеді.

Клиникалық иммунология, аллергология және микробиология кафедрасы

Аллерголог-иммунолог резиденттері


0
2696

пікірлер

пікір қалдыру үшін.