Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«АМСКК деңгейіндегі ЖЕСА тиімді алдын алудың қазіргі заманғы технологиялары: білім беру бағдарламалары» тақырыбында мастер-класс өткізу туралы

«АМСКК деңгейіндегі ЖЕСА тиімді алдын алудың қазіргі заманғы технологиялары: білім беру бағдарламалары» тақырыбында мастер-класс өткізу туралы

06 Желтоқсан 2018

2018 жылдың 15-22 қараша күндері ҚММУ №1 және №2 жалпы дәрігерлік тәжірибе, №2 және №3 ішкі аурулар кафедраларының қызметкерлерімен «АМСКК деңгейіндегі жұқпалы емес созылмалы ауруларды заманауи тиімді алдын алу технологиялар: білім беру бағдарламалары» ҚММУ-дың ғылыми – техникалық бағдарлама аясында «Қоғамдық денсаулық сақтау мақсатында ғылыми негіздегі алдын алулық ортаны дамыту»  тақырыбында алғашқы медико-санитарлық көмек көрсету мамандары  (жалпы тәжірибелік дәрігерлер, медбикелер, психологтар) үшін  «Қарағанды  қ. №1 Емханасында» мастер-класс өткізді.

Мастер-класс өткізу мақсаты АМСКК деңгейіндегі алдын алулық технологияларды енгізу сұрақтары бойынша тыңдаушылардың дағдылары мен шеберліктерін, білімін кеңейту және дамыту болып табылады.

Өткізу барысында тыңдаушыларға АМСКК деңгейіндегі белсенді медициналық алдын алу технологиялары; қысқа, тереңдетілген және топтық алгоритмдер және принциптері; кардиоваскулярлық қауіп факторларымен басқару алгоритмі ұсынылды.

Мастер-класс соңында тыңдаушыларға сертификаттар беріліп, үлестірме материалдар ұсынылды. 


0
2748

пікірлер

пікір қалдыру үшін.