Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Жаңғыру жолы» — «Жаңа буын көшбасшылары» пилоттық семинары.

«Жаңғыру жолы» — «Жаңа буын көшбасшылары» пилоттық семинары.

05 Желтоқсан 2018

28 қараша күні Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы ҚММУ жастармен жұмыс жасау бөлімімен бірлесе отырып, «Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыру бойынша ҚММУ-ның кешенді жоспарының шеңберінде өткізілген «Жаңғыру жолы» тұрақты интерактивті семинарын ашты.«Жаңғыру жолы» циклының алғашқы семинарының тақырыбы - «Жаңа ұрпақтың көшбасшылары: ерекшеліктері мен келешегі».

Семинарға Қарағанды медицина университетінің студенттері мен Семей медицина университетінің студенттері қатысып, осы медициналық университетінің «Басқару мектебінде» тәжірибе алмасты.

Семинарда ҚММУ жастар бөлімінің бас маманы, Республикалық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жетекшісі А.Н.Урмашов; Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі, Қарағанды қаласы ХҚА – ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Қ.А.Темірғалиев; Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының аға оқытушысы, Қарағанды қаласы ХҚА – ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі С.А.Никифорова; Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының аға оқытушысы, ҚММУ тәрбие жұмысы кеңесінің мүшесі О.А.Ковтун баяндама оқыды.

Семинар топтық пікірталас форматында өтті, оның ішінде негізгі мәселелерді шағын топтарда талқылау болды.

Студенттік аудиторияға ерекше қызығушылық қазіргі заманғы жастар үшін басым саяси және азаматтық құндылықтар мен жобаларды талқылау, жаңа ұрпақтың көшбасшылары үшін маңызды қасиеттерді анықтау болды.

Семинар соңында қатысушылар мен спикерлерге ҚММУ ректоры, профессор Р.С.Досмағамбетованың қолы қойылған сертификаттар тапсырылды. Студенттер келешекте осындай кездесулер мен семинарлар өткізуді құптап, әрі қарай талқылау үшін өздерінің көзқарастарымен және мәселелерімен бөлісті.

С.А.Никифорова – Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының аға оқытушысы

О.А.Ковтун - Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының аға оқытушысы.



0
2830

пікірлер

пікір қалдыру үшін.