Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
КУРСК МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

КУРСК МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

05 Желтоқсан 2018

2018 жылдың 12-24 қараша аралығында химия және фармацевтикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі И.В.Лосева Курск мемлекеттік медицина университетінің фармацияны басқару және экономикасы кафедрасында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында жұмыс істеді.

Курск мемлекеттік медицина университеті Ресейдің бай тарихымен, үздік білім беру, мәдени және ғылыми дәстүрлерімен танымал медициналық жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. ЖОО-да 12 мамандық бойынша, оның ішінде Фармация мамандығы бойынша да оқыту жүргізіледі.  Фармацевтика факультеті 1966 жылы құрылған, кафедра жоғары кәсіби профессорлық-оқытушылық құрамға ие, үздік құраммен И.В.Лосеваның кездесуге, сөйлесуге және өнімді жұмыс істеуге сәті түсті.

Фармацияны  басқару және экономикасы кафедрасының ұжымы профессор И.М.Раздорскаяның жетекшілігімен И.В.Лосеваға студенттермен тиімді жұмыс істеуге тамаша жағдай жасады.

Оқу үдерісі аясында фармация мамандығының 4 және 5 курс студенттерімен "Фармацияны басқару және экономикасы" пәні бойынша сабақтар өткізілді. Дәрілермен қамтамасыз ету жүйесі бойынша дәрістер оқылды, сондай-ақ дәріханалық қызметтің бөлшектік жұмысын ұйымдастыру бойынша сабақтар өткізілді. Тәжірибелік сабақтарда "топта жұмыс істеу"технологиясы қолданылды.

Біздің кафедралар арасында 2018 жылдың мамыр айында ынтымақтастық туралы кафедрааралық шартқа қол қойылды және И.В.Лосеваның сапары оны іске асырудың алғашқы нәтижесі болды. Бұл оның табысты жалғасы деп үміттенуге мүмкіндік береді.  Академиялық алмасу бағдарламасы оқытушыларға өзінің педагогикалық тәжірибесімен бөлісуге және жаңа тәжірибе алуға, сондай-ақ шет елдердегі әріптестерімен қарым-қатынас жасауға және ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді.


0
2765

пікірлер

пікір қалдыру үшін.