Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Франция және Италия оқытушыларының академиялық ұтқырлығы.

Франция және Италия оқытушыларының академиялық ұтқырлығы.

05 Желтоқсан 2018

Профессорлық-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасына 12.11-23.11.2018 ж. аралығында доктор Наджман Патрик Марк (Франция) және профессор Клаудио Колозио (Италия) келді.

Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасында болған уақытта Доктор Наджман Патрик Марк ҚММУ профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлеріне арналған келесі тақырыптар бойынша дәрістер циклін өткізді: Денсаулық мониторингі, Жүйелі көзқарас, Жұқпалы емес аурулар, жұқпалы емес ауруларды алдын алу және онымен күресудің ғаламдық стратегиясы, денсаулық сақтау жүйесі, денсаулық детерминанттары.

Профессор Клаудио Колозио Кәсіби денсаулық, Токсикология тақырыбында магистранттар мен докторанттарға дәріс оқыды. Дәріс жоғары кәсіби деңгейде, денсаулық сақтауды дамытудың заманауи үрдістерін ескере отырып оқылды. Әрбір дәріс тыңдаушылардың профессормен тиімді кері байланысымен аяқталып, дәріс туралы өз пікірін айтуға мүмкіндік берді.


0
2616

пікірлер

пікір қалдыру үшін.