Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Республикалық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция

Республикалық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция

04 Желтоқсан 2018

2018 жылдың 27 қарашасында ҚММУ ғылыми кеңес залында Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен ЖОО кәсіпкерлік сауаттылық және «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамытудың қазіргі заман аспектілері» тақырыбында республикалық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияда Алматы қаласының Тұран университетінен, Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінен, Қарағанды қаласы Орталық-Қазақстан Академиясынан және Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің, сондай-ақ Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің студенттері белсенділік танытты.

Конференция спикерлері ретінде: В.П.Риклефс – ҚММУ оқу-әдістемелік жұмысы бойынша проректор, К.А.Темиргалиев – Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының меңгерушісі, Г.О.Айтжанова – арнайы қонағымыз, Орталық-Қазақстан Академиясының оқу ісі бойынша проректоры, сондай-ақ Д.Камышева – ҚММУ 5 курс студенті, Enactus KSMU HR командасы мүшесі қатысты. Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының аға оқытушылары: Б.Б.Рысбекова, Л.К.Магзумова және А.А.Ахатова конференцияның модераторлары қызметін атқарды.

Конференцияда қатысушылардың қызықты баяндамалары мен жобалары болды. Студенттердің спикерлермен белсенді талқылануы болды. Спикерлер арасында ОҚА-дағы біздің ең белсенді қонағымыз, вице-ректор Айтжанова Ғалия Омирбековна баяндамашы студенттерді конференция қатысушыларымен пікірталас барысында жақсы қолдау көрсетіп отырды.  Конференцияның қорытындысы бойынша конференцияны ҚММУ оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор В.П. Риклефс, ҚММУ Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі және ҚКП проректоры Г.А.Айтжанова қорытындылады. Конференцияға қатысушыларға белсенді қатысқаны және жемісті жұмыстар үшін алғыс сөздері айтылды. Іс-шара соңында Республикалық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференцияның қатысушылары мен ғылыми жетекшілеріне алғыс хаттар мен сертификаттар табыс етілді.

Қазақстан тарихы және ӘСП каф.меңгерушісі   Темиргалиев К.А.


0
3134

пікірлер

пікір қалдыру үшін.