Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Абуали ибни Сино атындағы Тәжікстан мемлекеттік медицина университетіне академиялық ұтқырлық

Абуали ибни Сино атындағы Тәжікстан мемлекеттік медицина университетіне академиялық ұтқырлық

16 Қараша 2018

Кәрілхан Исламбек, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің клиникалық иммунология, аллергология және микробиология  кафедрасының доценті, 30.10.2018 - 9.11.2018ж уақыт аралығында «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасының аясында Абуали Ибни Сино атындағы Тәжікстан мемлекеттік медицина университетіне жіберілген болатын.

Университет қабырғасында И.Карилхан, Абуали ибни Сино атындағы Тәжікстан мемлекеттік медицина университетінде  мединицалық, стоматологиялық және фармацевтикалық факультеттерінде микробиология, иммунология және вирусология кафедрасында  2-3 курс студенттеріне дәріс  оқып, тәжірбиелік сабақтар жүргізді. Дәрістер мынадай тақырыптарда оқылды: «Вирустар. Вирустар классификациясы. Вирустардың  дақылдандыру, индикация және идентификация әдістері. Тұмау және парагрипп, паротит, құтыру, қызылша вирустары», «Аллергия. Аллергиялық жауаптар. Макроорганизмнің иммундық статусы. Иммуножетіспеушіліктер»,  «Инфекция туралы оқыту. Иммунитет, түрі және формалары. Адам организмінің бейспецификалық қорғаныш факторлары», «Энтеровирустар: полиомелит вирусы, коксаки, ЕСНО. Вирустық гепатиттер. Гепатит А және Е вирустары».

Практикалық тәжірибе алмасу аясында «Медицина» мамандығының 3 курс студенттеріне  И. Карилхан, «Жедел бактериалды ішек инфекциясының микробиологиясы: Эшерихиоздар-этиология, патогенез және диагностика» тәжірибелік сабақтарын өткізді. Стоматология және фармацевтика факультеттерінің 2 курс студенттеріне «Адам организмінің және қоршаған ортаның  микрофлорасы. Өсімдіктердің және дәрілік шикізаттың микрофлорасы» және «Физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың микроорганизмдерге әсері. Антибиотиктер және химиотерапевтік препараттар» тақырыптарында практикалық сабақтар өткізілді.

ТММУ басшылығымен Абуали ибни Сино атындағы Тәжікстан мемлекеттік медицина университетінің  микробиология, иммунология және вирусология кафедрасымен және Қарағанды медициналық университетінің  клиникалық иммунология, аллергология және микробиология кафедрасы кафедрааралық ынтымақтастық аясында бірлесіп жұмыс жасау туралы келісімге келді.


0
4312

пікірлер

пікір қалдыру үшін.