Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Никотинді дәруменге алмастыр!

Никотинді дәруменге алмастыр!

14 Қараша 2018

Жастармен жұмыс жасау бөлімі университет клиникасы және «Жұлдыз» жастардың денсаулық орталығының белсенді студенттерімен бірігіп, шылым шегудің алдын-алу және есірткі мен психотроптық заттарды қолданудың алдын алу шараларына байланысты қаланың көшелерінде «Никотинді дәруменге алмастыр!» атты дәстүрлі акциясы ұйымдастырылды.

Іс-шара ОӘД және «Абзал» СҮ-нің алдында өткізілді. Орталықтың белсенділері:Досымбекова Аружан (1-010 ММ),  Омаров Абдурашид (1-010 ММ), Есенгали Назерке (5-039 ММ), Өмірзақ Нұрсулу (1-008 ТФӨ), Жаңабайқызы Салтанат (1-008 ТФӨ), Тастан Жанель (1-008 ТФӨ),Чмаев Нұрсултан (1-007 ММ), Амангельдиева Аружан (1-010 ММ), Сағидолдинова Тоқжан (1-029 ММ), Оганисян Сюзи (1-029 ММ), Ильясова Нұрай (1-022 ММ), Ашенова-Муханова Айымгуль (2-003 ҚДС), Ғосман Ақниет (1-002 ММ), Абдимажит Нұрила (1-008 ТФӨ), Сайдахмет Зылиха (1-010 ММ), Сайдахмет Акмарал (1-009 ММ), Джумагалиев Ондас (4-040 ММ) және Қабылқай Сания шылым шегетін азаматтарға никотиннің организмге зиян екенін түсіндіріп, темекі өнімдерін жеміс-жидектерге алмастыруды ұсынды.

Әр адам әр түрлі қабылдады: кейбіреулер қызығушылықпен тыңдап, шылымды сол сәтте тастаса, ал біреулері мүлдем көңіл аудармады. Көбінесе, адамдар студенттерге өздері келіп, қандай акция өтіп жатқанын біліп, шын көңілдерімен шылымды алма мен бананға айырбастап алып жатты.

Студенттер жинаған барлық темекі өнімдерінің «жиынтығын» қоқыс жәшігіне лақтырды.

Өткізілген акция Қарағанды қаласының тұрғындарына шылым шегудің зияны туралы көп ақпарат алуына және өз денсаулықтарына көп көңіл бөлуіне көмектесті деген сенімдеміз. 

Ондас Джумагалиев (4-040 ММ)

 «Жұлдыз» ЖДО-ның жетекшісі


0
3767

пікірлер

пікір қалдыру үшін.