Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын түсіндіру бойынша ұйымдастырылған жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми-әдістемелік «Дөңгелек үстел»

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын түсіндіру бойынша ұйымдастырылған жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми-әдістемелік «Дөңгелек үстел»

14 Қараша 2018

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының міндетін жүзеге асыру аясында, 2018 жылдың 7 қарашасында  Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы жоғарғы оқу орындары арасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамның сананы жаңғырту» атты мақаласын түсіндіру бойынша ғылыми-әдістемелік «Дөңгелек үстел» өткізілді. Бұл іс-шараға Қарағанды мемлекеттік медицина университеті мен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ғалымдары және «Жалпы медицина» мамандығының 1 курс студенттері қатысты.

Құттықтау сөздері қоғамдық денсаулық сақтау және фармацевтика мектебінің деканы, PhD докторы Серік Бахтиярға, Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент К.А.Темірғалиевке берілді. «Дөңгелек үстелдің» модераторлары ретінде т.ғ.к., доцент А.Е.Даниярова мен т.ғ.к., доцент Б.С. Малыбаева белгіленді.

«Дөңгелек үстел» аясында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» Ұлттық жобасының жеңімпаздарының бірі – ҚММУ-нің №2 хирургиялық аурулар кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы, студенттер мен оқытушылар арасында үлкен қызығушылыққа ие болған ерте жастағы балалардың тірек-қимыл аппаратының патологиясын операциясыз емдеу жолының авторы – Алимханова Роза Сейтқалиқызымен кездесу өткізілді.

«Дөңгелек үстелде» т.ғ.к., археология, этнология және Отандық тарих кафедрасының доценті, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ«Тұлғатану» ғылыми-әдістемелік орталығының аға ғылыми қызметкері Л.К. Шотбакованың «Жас ұрпақтың рухани сананың қалыптасуындағы өлкетану зерттеулерінің рөлі»; т.ғ.к., ҚММУ Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының профессоры Б.К.Қыздарбековтың «XIX-XXғғ. басындағы Қазақстанның медициналық қызметкерлерінің қосқан үлесі мен рөлі»; Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ дүниежүзі тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., доцент Б.Т.Төлеуованың «XX ғасырдың 30-40 жылдарында Орталық Қазақстанның дамуына үлес қосқан дәрігер әйелдер»; ҚММУ Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Б.Ғ.Нұғманның «Тарихтағы тұлға» атты баяндамалары тыңдалды.

«Дөңгелек үстелдің» қорытындысы бойынша Резолюция қабылданып, белсене қатысқан оқытушылар мен студенттерге ҚММУ ректоры, профессор Р.С.Досмағамбетованың қолы қойылған сертификаттар берілді.


Б.С. Малыбаева, ҚММУ Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының доценті

0
4384

пікірлер

пікір қалдыру үшін.