Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жолың болсын, «Медик» ШФК!

Жолың болсын, «Медик» ШФК!

13 Қараша 2018

Биылғы жылдың мамыр айында жоғары курс студенттерінен құралған «Интернатура» командасы университеттің футбол чемпионатының жеңімпазы болды. Ең қызығы, университет чемпионатында құрамында дайындықтан өткен футболистері жоқ команда жеңіске жетті, қатысушылардың басым көпшілігі бұрында спортпен айналыспаған және олардың жаттығу орны  - «аула футболы» болды.

Дегенмен, команданың табысы кездейсоқ емес. Жігіттер ұзақ уақыт бойы өз мақсаттарына ұмтылып, көп еңбек етті. Әрқайсысының арқасында бірнеше жыл университет чемпионаттарына қатысуы, жүздеген матчтар, ондаған турнирлер, соғылған доптар, жеңіліске ұшыраулар және жарқын жеңістер бар...

Бәрі осылай басталды... Медицина университетіне түскеннен кейін кешегі түлектер ҚММУ-де өзінің футбол чемпионаты бар екенін естігенде қатты таңқалды. Бала күнінен доп қуған олар қызығушылықпен ойынға келді, кейіннен тағы келді, сосын тағы бірнеше рет келді... Турнир қатты ұнады, кейін тұрақты келіп ойнайтын болды. Бірнеше айдан кейін олар өздері де турнир қатысушылары болды.

Уақыт өте келе тәжірибе жинай бастады. Болашақ мамандықтың дағдыларын қолдана отырып, жүйелі тәсіл ойлап тапты: қателерді мұқият талдады, қарсыластардың әлсіз тұстарын зерттеді, тактикалық нұсқаларын қалыптастырды, ең бастысы олар белсенді жаттығып, өздерін шыңдаумен болды. Спорттық шеберліктері шыңдалып, бірінші жетістікке қол жеткізді: алғашқыда жеке ойыншыларда, кейіннен команда жүлделі орындарға ие бола бастады.Чемпионат матчтарында қатаң сынға шыдай отырып, 2018 жылы ҚММУ чемпионатын ұтып алу туралы ұзақ уақытқа ұмтылған армандарын орындап, спортшылар Қарағанды облысының чемпионатына қатысу үшін жаңа деңгейге шығуға дайын болды.

Мұндай дәрежедегі турнирлерге қатысу өте қымбат, бірақ өңірдегі ең мықты командалармен ойнауға деген ұмтылыс қаржылық қиындықтарды жеңуге көмектесті. Ойыншылар өздері 260 000 теңге кіру ақысын жинап, өздері формалар мен доптар сатып алды, сонымен қоса жаттығу залын жалға алды. Команда атын таңдағанда бәрі бірауыздан сүйікті университеттің бренді – «ҚММУ-мен» шығуды қалады. Бірақ, бұл атау ең жоғары лига командасының атауы болғандықтан, олар болашақ мамандық –«Медик» ШФК атауымен шығуға шешім қабылдады.

Айлар бойы төккен еңбектері еш кетпеді және Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің атынан қарашада «Медик» шағын футбол клубы құрамында: Абильдинов Азамат (6-100 ЖМ), Абай Максат (7-025 ЖМ), Бимурзинов Өмірсерік (7-085 ЖМ), Каирбеков Алмат (7-083 ЖМ), Өмірзақ Низамиддин (7-083 ЖМ), Рахымбаев Алибек (4-004ЖМ), Капаров Дархан (6-023 ЖМ), Ермекбаев Иса (7-026 ЖМ), Сейдін Айбар (7-091 ЖМ), Әбдіхамитов Ерсін (5-038 ЖМ) және команда капитаны Нурушев Жарқын (6-045 ЖМ) «Ақжал» командасымен кездесуде 2:0 есебімен III лига чемпионатында сәтті өнер көрсетті. Доп соққандар: Рахымбаев Алибек және Сейдін Айбар.

Біздің жігіттерге әрі қарай жеңістер тілейміз. Жолың болсын, «Медик» ШФК!

Жастармен жұмыс жасау бөлімі


0
2994

пікірлер

пікір қалдыру үшін.