Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Клиникалық практикадағы молекулярлы аллергодиагностиканың заманауи аспектілері

Клиникалық практикадағы молекулярлы аллергодиагностиканың заманауи аспектілері

12 Қараша 2018

Жыл сайын дүние жүзінде аллергопатологиясы бар науқастар саны көбеюде, оның себебін Қазақстан Республикасындағы жағдай дәлелдейді. Бұл жағдай урбанизацияның өсуімен, экологиялық жағдайдың нашарлауымен және өмір сүру салтының дұрыс болмауына байланысты. Аллергология - медицинаның ең жас тармағының бірі, ол өте тез және талаптарға сай дамып, қажеттіліктерді сапалы түрде диагностикалау және аллергологиялық ауруларды емдеуді қамтамасыз етеді. 2018 жылдың 30 қазаны мен 03 қараша аралығында Қарағанды медициналық университетінде профессор, клиникалық иммунология, аллергология және микробиология кафедрасының меңгерушісі Газалиева Меруерт Арстановнаның басқаруымен «Клиникалық практикадағы молекулярлы аллергодиагностиканың заманауи аспектілері » атты мастер-класс өткізілді. Аталмыш мастер-класста диагностикадағы инновациялық технологиялар және аллергиялық аурулардың емі, әр түрлі жас топтарындағы айқаспалы аллергиялық реакцияларды диагностикалауда молекулярлық аллергологияны қолдану туралы сұрақтар қарастырылды. Мастер-класста ұсынылған мәліметтер облыстық тәжірибелік аллергологтар, иммунологтар, педиатрлар, терапевттер және лабораторлы медицинада қолданылады. 



0
2750

пікірлер

пікір қалдыру үшін.