Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ-дегі «Не? Қайда? Қашан?» ойыны

ҚММУ-дегі «Не? Қайда? Қашан?» ойыны

01 Қараша 2018

Жастармен жұмыс жасау бөлімі «INSIGHT» пікірталас клубымен бірге «Не? Қайда? Қашан?» ойыны бойынша ҚММУ-де IV ашық біріншілік өткізді. Биылғы жылы турнир «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын орындау аясында өткізілді.

Төртінші чемпионатта Қарағандының, сонымен қоса маңындағы қалалардың жоғары және орта оқу орындарының атынан 18 команда қатысты.

Ойынға қатысушылар еліміздің тарихи өткеніне көз жүгіртуге ғана емес, сонымен қатар өзінің жадын және эрудициясын пайдалана отырып, егеменді Қазақстанның қалыптасуы үшін қандай да бір оқиғаға өлшенген баға беруге үйренуге мүмкіндік береді.

Медицина университеті мен ҚарМТУ-нің біріккен «Карамбит» сарапшылар тобы:Жумадилова Жибек 7 курс, Нуралы Шынгыс 6 курс, Бермаганбетова Айна 6 курс, Жолшыбек Нурмахан 6 курс, Сейкенова Мадина 6 курс және Попов Виктор (ҚарМТУ) бірінші орынға ие болды.

Қазылар алқасының бірауыздан шешімімен, «Fiat Lux» командасындағы студент Чегебаева Айнура турнирдің үздік ойыншысы деп танылды.

«Не? Қайда? Қашан?» Қарағанды ​​лигасының төрағасы Алексей Шимановский ҚММУ-де турнирді ұйымдастыру мен өткізудің жоғары деңгейін тағы да жоғары бағалады.

IV турнирдің барлық қатысушылары дипломдар мен алғыс хаттармен марапатталды, сондай-ақ жеңімпаздарға  дәмді торт ұсынылды.

  Фисенко Игорь (6-071 ММ)

   «INSIGHT» пікірталас клубының жетекшісі


0
3470

пікірлер

пікір қалдыру үшін.