Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ресей, Мәскеу қаласында өткен ХХIVБіріктірілген Ресейлік Гастроэнтерологиялық аптаға қатысу

Ресей, Мәскеу қаласында өткен ХХIVБіріктірілген Ресейлік Гастроэнтерологиялық аптаға қатысу

26 Қазан 2018

ХХIV Біріктірілген Ресейлік Гастроэнтерологиялық апта 2018 жылы  Мәскеу қаласында өтті және қышқылдыққа тәуелді аурулар,  геликобактерлік инфекцияның асқазан және ұлтабар ойық жарасының,  созылмалы гастриттің, асқазан және ішек обырының дамуындағы рөлі мәселесіне бағытталды. Гастроэзофагеальді рефлюксті аурудың емінде ең тиімді протонды помпа тежеушілерін қолдану сұрақтары талданды, квадротерапияда висмут препараттарын қолдану,  гастроэзофагеальді рефлюксті ауруының емдеу ұзақтығы,  ішек қабыну ауруларында биологиялық препараттарды қолдану нәтижелігі сұрақтары қарастарылды. Алкогольді емес бауырдың майлы ауруы, созылмалы гепатиттер, созылмалы іш қатуы, шамадан тыс бактериялардың өсу синдромы сұрақтары талқыланды. ХХIV Біріктірілген Ресейлік Гастроэнтерологиялық апта акакдемик В.П. Ивашкиннің басқаруымен өтті.

  ХХIV Біріктірілген Ресейлік Гастроэнтерологиялық аптада №1 ішкі аурулар кафедрасының доценті З.К. Гусеинова екі баяндамамен шықты, соның ішінде бір баяндама, мақсатты қаржыланған  бағдарлама деңгейінде  орындалған  ғылыми зерттеу жұмысы шегінде болды. Баяндама тақырыбы  бойынша  қойылған сұрақтар  нақты талқыланды және баяндама бойынша жақсы пікір алынды. 


0
3652

пікірлер

пікір қалдыру үшін.