Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Балалар үйіне бару

Балалар үйіне бару

25 Қазан 2018

20 қазанда Жастармен жұмыс жасау бөлімі «VolteKSMU» еріктілер ұйымының қатысушыларымен «Құлыншақ» балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін концерттік бағдарлама өткізуді ұйымдастырды.

ҚММУ студенттері дайындаған концерттік бағдарламада би нөмірлері, танымал мультфильмдердегі балалар әндері, сондай-ақ дамыту ойындары болды.

Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне студенттер қойған концерт қатты ұнады, олар бағдарламаның барлық нөмірлерін ықыласпен тыңдап, шын жүректен қуанып, қол шапалақтады. Кішкентай көрермендер концерттен кейін  ұнаған әртістерін көпке дейін жібергісі келмеді және тағы қашан келетіндерін сұрап қызығушылық танытты.

Іс-шараның соңында балалар үйінің басшысы VolteKSMU волонтерлік ұйымының қатысушыларына балаларға ұсынылған мерекеге үшін шын жүректен алғысын білдірді және оларды мүмкіндігінше жиі келуге шақырды

Жастармен жұмыс жасау бөлімі


0
3569

пікірлер

пікір қалдыру үшін.