Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Алдын-алу шаралар тренингі

Алдын-алу шаралар тренингі

25 Қазан 2018

Жастармен жұмыс жасау бөлімі «VolteKSMU» еріктілер ұйымының қатысушылармен бірге Н.Нұрмақов атындағы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында «Ескерту. Қорғау. Егу!» алдын-алу шаралар тренингін өткізуді ұйымдастырды.

«Ескерту. Қорғау. Егу!» - бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық денсаулық сақтау орталығы әзірлеген және ЖРВИ, тұмау және пневмококк инфекциясының алдын-алуға бағытталған ұлттық бағдарлама.

  «VolteKSMU» құрамының жаңа еріктілері: Мукашева Нұрай, Жұмағалиева Уазифа, Есенгалиева Мадина, Досмағанбетова Динара, Амангалиева Гүлжанат, Тоқашбаева Диана мектеп-интернаттың оқушыларына ЖРВИ ауруы мен жұқпалы аурулардың қаупі туралы айтып берді, вирустардың таралуы туралы түсіндірді, сондай-ақ осы аурулардың алдын алу бойынша тәжірибелік сабақтар өткізді.

Өз кезегінде, алдын-алу шаралары мақсатында, әсіресе эпидемиологиялық кезеңдерде адамдардың үлкен шоғырлану орындарында болуды шектеуді, арнайы қорғаныс маскаларын қолдануды және аурулардың алғашқы белгілері байқалғанда дәрігерге қаралуды ұсынамыз.

  Жастармен жұмыс жасау бөлімі


0
4240

пікірлер

пікір қалдыру үшін.