Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Практикалық дағдылар орталығында өткен ашық есік күні

Практикалық дағдылар орталығында өткен ашық есік күні

23 Қазан 2018

2018 жылы 20 қазанда практикалық дағдылар оратлығында (ПДО) Қарағанды қаласынының 8, 9, 10, 11-ші сынып оқушыларына  арналған «Ашық есік күні» өтті.   Бұл іс-шараға №38 гимназия және  №17, №18 – орта мектептерден 20 - дан астам оқушылар қатысты.

Бұл күні мектеп оқушыларына симуляциялық орталық бойынша экскурсия өткізіліп, оқушыларға жүрек-өкпе реанимациясы мен инъекцияның барлық түрлерінің негізгі дағдыларын меңгеруге мүмкіндік болды. Барлық оқушылар экскурсияға өте риза және орталыққа мүмкіндігінше жиірек келуге тілек білдірді. Дәрігер мамандығын таңдауды жоспарлап отырған балалар  ерекше қызығушылық танытты.

Оқушылар университет жайында көптеген жаңа және қызықты мәліметтер білді. Экскурсия барысында оқушылар Қазақстанның үздік университеттерінің бірінің тамаша материалдық-техникалық жабдықтарын көріп тамашалады. Симуляциялық орталықта оқушылар, болашақ үміткерлер ҚММУ-де жетік меңгере алатын  әртүрлі мамандықтар жайлы пайдалы ақпараттар алды.  Оқушыларды жетекшілік етіп келген №38 гимназияның биология пәнінің оқытушысы Туйсина Татьяна Михайловна практикалық дағдылар орталығында өткен «Ашық есік күні» кейбір оқушылардың мамандық таңдауына үлесін қосты деген пікір қалдырды. 

 Симуляциялық орталықтың қонақтарын қызықтырған мамандықтар бойынша және сонымен қатар практикалық дағдылар орталығының директоры Кемелова Гульшат Сейтмуратовна қосымша мәліметтер берді.

Біз жоғары білім алуды басты мақсатқа қоятын барлық үміткерлерге әрдайым есігімізді ашуға дайынбыз. Егер белгілі бір жағдайларға байланысты бұл күнді өткізіп алсаңыздар, онда бізден жаңа хабарландырулар күтіңіздер.

Нурсулу Бекпердинова

Практикалық дағдылар орталығы


0
3486

пікірлер

пікір қалдыру үшін.