Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Салауатты өмір салты үшін!

Салауатты өмір салты үшін!

23 Қазан 2018

Салауатты өмір салтын қолдау мақсатында жастармен жұмыс жасау бөлімінің белсенділері «Жұлдыз» денсаулық орталығының қатысушыларымен (жетекшісі Оңдас Жұмағалиев) бірқатар іс-шараларды жүргізді.

2018 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы 2019 жылға дейін денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсартуға бағытталған бірқатар ұлттық бағдарламаларды әзірледі.

ҚММУ студенттерін ұлттық бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша ақпараттандыру мақсатында жастар денсаулық орталығының белсенділері университеттің білім беру телеарнасында салауатты өмір салтын насихаттайтын бірқатар бейнероликтерді көрсетті.

«Салауаттылық – өмір нормасы» ұлттық бағдарламасының, сондай-ақ Ұлттық алкогольден бас тарту күнін өткізу аясында орталықтың қатысушылары Сағидолдинова Тоқжан (1-029 ММ), Амангелдиева Аружан (1-010 ММ), Абдумажит Нұрила (1-008 ФӨТ), Асқарова Аяулым (2-001 МІ), Елюбаева Мадина (2-001 МІ), Абжаппарова Айгерим (2-018 МІ) және Омаров Абдурашид (1-010 МІ) қаланың көшелерінде сауатты өмір салтын насихаттау бойынша Қарағанды тұрғындарына ақпараттық буклеттерді таратуға арналған бұқаралық акция өткізді.

 «Тәні саудың – жаны сау» ұлттық бағдарламасының, сондай-ақ «Дүниежүзілік психикалық денсаулық күнін» өткізу аясында, «Жұлдыз» ЖДО: Алина Карпушина (1-035 ММ), Болысбек Балжан (2-019 ММ), Оганнисян Сюзи (1-029 ММ), Амангелдиева Майра (3-005 ММ), Маткенова Арайлым (1-028 ММ), Сағидолдинова Тоқжан (1-029 ММ), Аманделдиева Аружан (1-010 ММ), Абдулмажит Нұрила (1-008 ФӨТ), Доспаева Меруерт (1-002 БИО), Омаров Абдурашид (1-010 ММ), Сапаралиев Дулат (1-010 ММ), Динамжан Сайын (1-010 ММ), Ильясова Нұрай (1-022 ММ), Өмірзақ Нұрсұлу (1-008 ФӨТ) және Нұртіллаева Ақерке (1-002 БИО) ҚММУ студенттерін жаман әдеттерден бас тарту және салауатты өмір салтын жүргізуге шақыру туралы залдың бірінші қабатында қызықты флешмоб өткізді.

Қорытындылай келе, әр адам өз денсаулығын құрушы екенін атап өткім келеді. Жаман әдеттерден бас тарту және салауатты өмір салтын жүргізу адам өмірінің басты құндылықтарының бірі - денсаулыққа ең жақсы үлес болып табылады.

Жастармен жұмыс жасау бөлімі


0
3945

пікірлер

пікір қалдыру үшін.