Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Almaty Hepatology 2018 халықаралық конгрессі.

Almaty Hepatology 2018 халықаралық конгрессі.

23 Қазан 2018

2018 жылдың 12 қазаны мен 13 қазаны аралығында Алматы қаласында AlmatyHepatology 2018 халықаралық конгресс өтті. Конгресс  аясында гепатологияның негізгі мәселелері бойынша Қазақстан және шет елдердің (Жапония, Қытай, Израиль, Италия, Германия, Ресей) жетекші сарапшылары лекциялар мен шеберлік сабақтары, секциялық ғылыми кездесулер, постерлік сессия өткізілді .

7 курс интерн-терапевті А.К. Ташимова, клиникалық нұсқаушысы, Қарағанды облысының гепато  орталығының  меңгерушісі И.А.Лозинская,  №2 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі Е.М. Ларюшина постер сессиясына қатысып, онда «Алғашқы билиарлы холангитпен ауыратын науқастардың терапиясының  және өмір сүру тиімділігі» тақырыбында баяндама жасады. Жұмысы «№ 10/196 2018 Медицина» журналында жарияланды.

Конгреске қатысу үшін Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің ректоры, профессор Р.С. Досмағамбетоваға, №2 ішкі аурулар кафедрасына, біздің ғылыми кеңесшіміз Ларюшина Елена Михайловнаға алғысымды білдіремін.

А.К. Ташимова


0
3604

пікірлер

пікір қалдыру үшін.