Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары

Құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары

11 Қазан 2018

Жастармен жұмыс жасау бөлімі Медицина мектебімен бірігіп, Қарағанды қаласының ІІБ Орталық ПБ-нің қызметкерлерімен университет студенттерінің кездесуін өткізді.

Медицина мектебінің деканы орынбасары М.Қ. Елубаева университеттің ішкі тәртіп ережелерімен студенттерді хабардар етіп кездесуді ашты.

Сосын ЖЖЖБ-нің бастығы А.А.Унгарбаева қонақтармен таныстырып және құқық қорғау органдарының өкілдеріне сөз берді.

Жергілікті полиция қызметінің бөлім бастығы Д.С.Абильдин ҚММУ студенттеріне ішкі істер органдарының жұмыс ерекшеліктерін, қылмыстық жауапкершілікке тартылатын құқық бұзушылықтарды, сондай-ақ студенттер қатысқан қылмыстарды атап өтті және 
қатысушыларды «Қылмыстық құқық бұзушылық карточкалары» мен «Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық әрекеттер карточкаларын» таныстырды.

ЖПҚ-нің бастығының орынбасары Б.М.Макежанов ҚР кодекстегі өзгерістер, «Жергілікті полиция қызметінің» жұмысы туралы, өз кезегінде аудиторияны «Кәмелет жасқа толмағандарға зорлық-зомбылық жасаған адамдардың картасымен» таныстырды.

Ректордың көмекшісі М.Р.Онайбеков студенттерге жатақханалардағы тәртіп ережелерін және «Ерікті студенттер құрамы» туралы қағидаларын түсіндірді.

Полиция өкілдерімен кездесу барысында студенттер белсенді сұрақтар қойды және өздерін қызықтырған тақырыптарына жауап алды.

Жастармен жұмыс жасау бөлімі


0
3272

пікірлер

пікір қалдыру үшін.