Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Тазалық кубогі

Тазалық кубогі

11 Қазан 2018

«Тазалық кубогі: студенттік лига» дәстүрлі жастардың турнирі Қарағанды қаласының Федоровск су қоймасы ауданында өтті.

Өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты -жастардың экологиялық мәдениетін дамыту және қоғамдық орындардың санитарлық жағдайын жақсарту.

Қарағанды мемлекеттік медициналық университетін «Volte KSMU» еріктілер ұйымының қатысушыларынан тұратын «Medical Energy» командасы таныстырды. Құрамы:Рахымжанова Фариза, Кудуспек Лаура, Пархомей Анна, Баграханов Анвар, Орынбасар Нурдаулет, Музарап Диас, Айтбай Ернур, Али Тимур, Байгонусова Айым және Мейрам Камиля.

Турнир үш кезеңнен тұрды:

«Эко-визитка»  (қатысушылар өз командаларының презентациясын өткізді; формасы, ұраны мен атауы бағаланды);

«Экологиялық викторина» (қатысушылар Қазақстан Республикасының экологиясына байланысты 10 сұраққа жауап берді);

«Негізгі кезең» (командалар белгілі бір аумақты тазалау және жақсарту жұмыстарын жүргізді).

Турнирдің қорытындысы бойынша құзіретті қазылар жеңімпаздарды анықтады. «Medical Energy» командасы турнир ұйымдастырушылардың атынан алғыс хатымен марапатталды.


0
3160

пікірлер

пікір қалдыру үшін.