Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Владимир Мирзаның концерті

Владимир Мирзаның концерті

04 Қазан 2018

ҚММУ-нің акт залы сахнасында атақты орындаушы ҚММИ-ң санитарлық-гигиеналық факультетінің түлегі, ақын және композитор, авторлық әндердің орындаушысы Владимир Борисович Мирзаның концерті үлкен табыспен өтті.

Біздің қаламыздың тумасы Владимир Борисович Мәскеуде тұрады және еңбек етеді. Ақын, әнші, үлкен өмір мектебінен өткен спортшы айналасындағы әлемнің керемет және сезімтал қабылдауын сақтап қалды. Мектеп жылдары Владимир Мирза гитараны қолынан тастаған емес, қазіргі уақытта да жанынан қалдырмаған. Владимир Борисович ҚММИ-н бітіргеннен кейін ІІМ жүйесінде қызмет істеді,кейін тағдыр оған спортқа қызығушылықты медициналық тәжірибемен біріктіруге мүмкіндік берді. Спорт медицинасындағы қосымша мамандық дәрігерге өзінің денсаулығымен және халықаралық жарыстарда Қазақстанды танытатын мықты спортшылардың формасын сақтаумен кәсіби түрде айналысуға мүмкіндік берді.

Alma mater аудиториясы өзінің түлегінің шығармашылығын жылы қабылдады. Өйткені оның әрбір әнінде немесе Р.Казаковамен, Изумруд Кулиева және басқа да атақты ақындармен жазылған әндерінде Владимир Борисович өзі немесе жақын достарының басынан өткендерін терең қабылдаған. Шығармашылық кештің соңғы аккорды майдангер атасына арналған әнін орындауы болды.

Владимир Борисович Мирза - жан-жақты, талантты адам, атақты ақын және композитор. Осыған қарамастан ол ең бірінші дәрігер болып қалады. Адам жанының дәрігері!

  

     Жастармен жұмыс жасау бөлімі


0
3056

пікірлер

пікір қалдыру үшін.