Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Тәжікстаннан келген студенттер ҚММУ чемпионатында

Тәжікстаннан келген студенттер ҚММУ чемпионатында

04 Қазан 2018

20 қыркүйектен бастап ҚММУ-де академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Абуали Ибн Сино атындағы (Душанбе) Тәжікстан мемлекеттік медицина университетінің студенттері оқиды.

Тәжікстанда жігіттер университетте спортпен оқуды сәтті біріктірген, олар «Истиклол» және ЦСКА-Памир жоғарғы лига клубтарының жастар командасының ойыншылары болған.Ақыр соңында медицинаға құштарлық жеңіп шықты, бірақ футбол болашақ дәрігерлердің жүректерінен мықтап орын алды.

Душанбедегі түрлі жарыстарға, оның ішінде ТММУ ректорының кубогына футболдан турнирге қатысатын Тәжікстан студенттері Қазақстанға сапар шекпес бұрын, ҚММУ футболының жағдайына қызығушылық танытты. Қарағанды ​​университетінің жеке чемпионаты бар екенін әлеуметтік желілерден біліп, жігіттер қатты қуанды және байсалды турнирде өз күштерін сынап көргісі келді.

Қарағандыға келген сәтте ТММУ студенті команда капитаны Одил Норов чемпионаттың бас төрешісі А.Қ.Тухметовке ҚММУ біріншілігіне Тәжікстан студенттерін қатыстыруға өтініш білдірді. Қатысуға, әлбетте, рұқсат берілді және 29 қыркүйекте Душанбеден келген студенттер ҚММУ-ң XVI футбол чемпионатында өздерінің дебюттарын жасады.

Бірінші ойында Тәжікстаннан келген студенттер құрамасы «№1 жатақхана» (капитан Халметов Бахром) жас командасын жеңіп, кейіннен чемпионаттың көшбасшысы (капитан Каримов Жандарбек) «Стоматологияға» орын берді және үшінші турда «№6 жатақханасын» (капитан Тлеуов Аслан) айқын басымдылықпен жеңді.

Үш тур бойынша Тәжікстаннан келген студенттер құрамасы кестенің 3-ші орынын иеленді және өздерінің турнир көрсеткішін жақсартуға мүмкіндіктері бар.Ойын топтары көрермендердің үлкен аудиториясын жинайтынын айта кету керек. Жерлестеріне қолдау көрсету үшін облыстың басқа да жоғары оқу орындарының студенттері келеді.

ТММУ студенттеріне болашақта турнирлерде жеңіс тілейміз, сонымен қатар университеттегі оқуларын әрі қарай да спортпен біріктіре отырып жалғастыруларына тілектеспіз.

Жастармен жұмыс жасау бөлімі


0
3295

пікірлер

пікір қалдыру үшін.