Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ Диссертациялық кеңес отырысы жайлы

ҚММУ Диссертациялық кеңес отырысы жайлы

03 Қазан 2018

2018 жылғы 21 қыркүйек күні университетте 6D110100 – «Медицина» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін қорғау өтті.

Диссертациялық кеңес отырысын төрағасы м.ғ.д. Турмухамбетова Анар Акылбековна ашып, күн тәртібімен таныстырды.

Күн тәртібіндефилософия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін қорғау өткізу. Диссертация тақырыптары медицинаның өзекті сұрақтарына арналған: «Жедел жіңішке ішек өтімсіздігі кезіндегі микроағзалардың транслокация детекциясы» (эксперименттік зерттеу) (докторант Ж.М.Койшибаев,ғылыми кеңесшілері:Тургунов Ермек Мейрамович – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің №2 хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі; Азизов Илья Сулейманович – медицина ғылымдарының докторы, Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Смоленск мемлекеттік медицина университеті Жоғары білім беретін федералды мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің микробқа қарсы химиотерапия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, Смоленск қ., Ресей Федерациясы және шетелдік кеңесші Gabriel Sandblom – MD, PhD, қауымдастырылған профессор, Оңтүстік аурухананың ғылыми клиникалақ және білім беру бөлімінің аға оқытушысы, Каролинск университеті, Стокгольм қ., Швеция) және «Холицистэктомиядан өткен пациенттердің өмір сапасын бағалау»  (докторант Л.М.Койшибаева, ғылыми кеңесшілері: Тургунов Ермек Мейрамович – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің №2 хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі; Азизов Илья Сулейманович – медицина ғылымдарының докторы, Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Смоленск мемлекеттік медицина университеті Жоғары білім беретін федералды мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің микробқа қарсы химиотерапия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, Смоленск қ., Ресей Федерациясы және шетелдік кеңесші Gabriel Sandblom – MD, PhD, қауымдастырылған профессор, Оңтүстік аурухананың ғылыми клиникалақ және білім беру бөлімінің аға оқытушысы, Каролинск университеті, Стокгольм қ., Швеция).

Табысты қорғауларыңызбен құттықтаймыз!!!


0
3318

пікірлер

пікір қалдыру үшін.