Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Алло, біз таланттарды іздейміз!» шығармашылық марафоны

«Алло, біз таланттарды іздейміз!» шығармашылық марафоны

18 Қыркүйек 2018

15 қыркүйек күні біздің университетте «Алло, біз таланнтарды іздейміз» шығармашылық марафоны өтті. Марафон «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Сарыарқа жастары» студент жастар жобасы бойынша өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты – болашақ медицина қызметкерлерінің шығармашылық талабын қолдау, университтікорпоративтә мәдениетін дамыту.

Медицина унивеситетінде оқу студенттердің көп уақытын алады. Дегенмен ғылым гранитін ұштап қана қоймай талантқа да ерік-жігер  беретіндер адамдар бар.  Сондықтан да осындай студенттер «Алло, біз таланттарды іздейміз» шығармашылық марафонына келді.

Ұсынылған ұжымдар жан-жақтылығымен қуантты: «Golden step» би театры, «Қаракөз» шығыс би халықтық ансамблі, «Намыс» және  «INSIGHT» пікірталас клубтары, «KazMSA» жастар медицина Ассоциациясы,Белсенді студенттердің клубы (БСК), хор коллективі, домбыра оркестрі,КВН командасы қазақ және орыс құрамасы, «Жыр жауһар» авторлық-ақындық клубы, «Жұлдыз» жастардың денсаулық клубы,  театр үйірмесі, Бейнелеу өнері үйірмесі, вокал үйірмесі, «Yes Team» заманауи би үйірмесі, «Конферансье» үйірмесі, «KSMU-Life» жас журналистер үйірмесі және «Ақжүніс» қыздар клубы, «Қазақстанның студенттер Альянсы» республикалық қозғалыстың жергілікті комитеті, студенттерді қолдау қызметі, «Volte KSMU» ерікті жастар ұйымы,студенттердің ғылыми қауымдастығы (СҒҚ), «Enactus KSMU» командасы.

Шығармашылық коллектив пен студенттер бірлестігінің жетекшілері жиналғандарды өздерінің команда шығармашылығымен таныстырып, көрнекті презенацияларын көрсетті.

Үйірмедегі сабақтар көпшілікке сахнаға шығуға мүмкіндік береді, алғаш рет өз күшін сынап, шығармашылық мүмкіндігін іске асырады.


0
3615

пікірлер

пікір қалдыру үшін.