Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Біз сіздерді мәңгі есте сақтаймыз және сол естелікпен өмір сүреміз»

«Біз сіздерді мәңгі есте сақтаймыз және сол естелікпен өмір сүреміз»

14 Қыркүйек 2018

1979 жылдың желтоқсан айында достық тәртіпті орнату мақсатында Совет одағының әскері Ауғанға аттанды, және бір жыл көлемінде қайтадан оралуды көздеді. Бірақ Совет одағының жақсы ниеті көп жылдық соғысқа айналды. 1987 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының 2 курс студенті Кулмаханов Марат Турганбекович сол оқиғаның бір қатысушысы болды.

7 қыркүйекте біздің университетте Кулмаханов Маратқа арналған  «Біз сіздерді мәңгі есте сақтаймыз және сол естелікпен өмір сүреміз» еске алу кеші өткізілді. Марат Кулмаханов студент кезінде әскерге шақырылып, 1987 жылдың мамыр айынан 1988 жылдың 16 тамызына дейін Ауған соғысына қатысқан.

1988 жылдың 16 тамызында Кулмахановтың взводы 103-ші  әуе-десанттық дивизияның колоннасын сүйемелдеді. Бірақ Кундуз мекені аймағында жасақ торуылға тап болды.  Қиын жағдайда тез арада шешім қабылдап, сержант Кулмаханов қарсы тұра алды, көмек келгенше күресу шараларын басқарды. Тең емес күресте ол ауыр жарақаттанды. Госпитальға жетпей қайтыс болды.

Биыл 15 қыркүйекте Марат Кулмаханов 50 жасқа толар еді.

Еске алу кешіне Марат Кулмахановтың: әкесі Турганбек Кулмаханович, анасы Гульбала Умиртаевна, туған туыстары шақырылды. Мараттың әкесі ұлы туралы естеліктермен бөлісті. Университетке ұйымдастырылған кеш үшін алғысын айтты.

Қазақстанның әр аймақтарынан  Мараттың группаластары келді. Оның қандай болғаны туралы естеліктермен бөлісті, сондай-ақ, оған өздерінің өліңдерін арнады.Біздің университетіміздің мұражайында қаза болған сарбаз туралы  естелік ретінде  Марат Кулмахановқа арналған  бұрыш ашылған.

Өзінің тірі кезінде Марат «ЕРЛІК ҮШІН» медалі және Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған. Марат қайтыс болғаннан кейін, 1989 ақпан айында Қызыл ту орденімен марапатталды.

Мараттың әкесі Турганбек Кулмахановичке, анасы Гульбала Умиртаевнаға осындай жауынгер, батыр бала  тәрбиелегендері үшін және біздің университеттке келуге уақыт, күш тапқандары үшін өз алғысымызды айтқымыз келеді.

Ауған соғысы тарихтың түкпіріне кеткен сайын, бұл шығындар айтарлықтай қабылданады. Біз жат жерде және өз жерінде қайтыс болған жауынгерлерге айтамыз: «Рахмет! Біз сіздерді ұмытпаймыз!»


0
3992

пікірлер

пікір қалдыру үшін.