Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Жалпы медицина» мамандығы бойынша бакалавриат түлектеріне дипломдарды табыстау

«Жалпы медицина» мамандығы бойынша бакалавриат түлектеріне дипломдарды табыстау

24 Шілде 2018

       2018 жылдың 21 шілдесінде ҚММУ Мәжіліс залында 5В130100 «Жалпы медицина» мамандығы бойынша ағылшын тілінде оқитын бакалавриат түлектеріне дипломдарды  салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. 


         Салтанатты ашылу рәсімін дәстүр бойынша оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор В.П. Риклефс ашты, сонымен қатар, халықаралық медицина факультетінің деканы К.К.Толеубеков, халықаралық медицина факультетінің декан орынбасарлары М.Т.Культенова, Ж.М.Койшибаев, профессорлық-оқытушылар құрамы және «салтанат иесі» болып табылатын «Жалпы медицина» мамандығының түлектері қатысты.

Бакалавриатты бітіру туралы дипломды барлығы 197 түлек алды.

Бес жыл бойы жақсы және тамаша білімдерімен, сондай-ақ, ғылыми-зерттеу жұмыстарында, шығармашылық, спорттық немесе жоғарғы оқу орнының және факультеттің қоғамдық өмірінде белсене ат салысып, жоғарғы жетістіктерге ие болған студенттер жеке марапатталды. Олар дипломмен бірге факультет деканының алғыс хаттарын  алды.

Салтанатты  рәсім  соңында түлектер  ҚММУ әнұранын орындап және салтанатты түрде «Гиппократ» антын қабылдады.

Сәттілік, «Жалпы медицина» мамандығының  бакалавриат түлектері!



Халықаралық медицина факультетінің деканаты


0
5039

пікірлер

пікір қалдыру үшін.