Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Магистранттардың қорытынды аттестатталуы

Магистранттардың қорытынды аттестатталуы

25 Маусым 2018

2017-2018 жылы оқу жылында "Медицина" мамандығының ғылыми және педагогикалық, бейінді бағыттары бойынша 26  магистрант магистрлік диссертацияны қорғады.

Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша МББС және Білім алушылардың қорытынды аттестатталуын жүргізудің үлгілік ережесіне сәйкес базалық және бейіндік пәндерінің міндетті компонентінің мазмұнын көрсететін тестілік сұрақтар дайындалды.

Магистранттар диссертацияны қорғағанда түптелген диссертациялық жұмыс, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қысқаша резюме дайындады, ғылыми жетекшінің оң пікірін; ғылыми басылымдарда диссертация тақырыбы бойынша жарияланымын, плагиатқа тексеру турала анықтамасын сыртқы рецензияларды шығарушы кафедра мен ғылыми – сараптамалық комиссияның диссертациялық жұмысты қорғауға ұсыну туралы оң шешімін ұсынды.

Барлық диссертациялық жұмыстар мемлекеттік аттестаттау комиссиясымен жоғары бағаланып, отырған мамандардың «өте жақсы» және «жақсы» деген бағалары қойылды. Ғылыми жұмыстар мемлекеттік және орыс тілдерінде қорғалды.

МАК төрайымы қорытынды сөздерінде барлық магистрлік жұмыстардың жоғары деңгейде дайындалғандығын айтты, магистрлік курсқа жауапкершілікпен қарағаны үшін алғыстарын білдірді, келешекте табыс және мансаптық сатымен жоғарылауды тіледі.

Жалпы медицина және стоматология деканаты төрайымның сөзіне қосылып магистрлерге кәсіби табыс, ал кафедраларға -  биікті  бағындыруды  және жоғары білікті мамандарды шығара  беруіне  тілек білдіреді!


0
3993

пікірлер

пікір қалдыру үшін.