Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстан Республикасы кардиологтар Ассоциациясының XКонгрессі, Қазақстан Республикасы терапевттерінің VСъезді,Түркі елдері кардиологтар ассоциациясының IX Конгрессі

Қазақстан Республикасы кардиологтар Ассоциациясының XКонгрессі, Қазақстан Республикасы терапевттерінің VСъезді,Түркі елдері кардиологтар ассоциациясының IX Конгрессі

13 Маусым 2018

Қазақстан Республикасы кардиологтар Ассоциациясының X Конгрессі, Қазақстан республикасы терапевттерінің V Съезді, Түркі елдері кардиологтар ассоциациясының IX Конгрессі  2018 жылдың 5 маусымы мен 8 маусымы аралығында Алматы қаласында, RIXOS Almaty қонақ үйінде өткізілді. Конгресс жұмысына Еуропа кардиологтарының ассоциациясының ғалымдары, алыс және жақын шет мемлекеттердің ғалымдары қатысты. Конгресс бағдарламасы 09.00-ден 18.00 уақыты аралығындағы кесте бойынша қызықты және әртүрлі бағытта (спикерлер дәрістері, ланч симпозиумдер, ауызша баяндамалар, дискуссиялар және талқылаулар) мен созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, тромбоздардың емі және диагностикасына бағытталған сұрақтар, жүрек-қантамыр ауруларының алдын-алудың жаңа тұжырымдамалары: инновациялық полипилл, ревматологиядағы аутоиммунды аурулар бойынша мастер-кластар жүргізілді.  Конгресс аясында 16 баяндамамен жас ғалымдар арасындағы конкурс жүргізілді. Қарағанды мемлекеттік медицина университетінен №1 Ішкі аурулар кафедрасының ассистент-тағылымгері Бодаубай Роза, ғылыми жетекшісі м.ғ.д., профессор Д.Ж. Тайжанова ауызша баяндамамен қатысып, 2-ші жүлделі орынға ие болды. Сондай-ақ, №1 Ішкі аурулар кафедрасының магистранты А.Б.Калимбетова постерлік баяндамамен қатысып, жақсы пікірлер қалыптастырды.


№1 Ішкі аурулар кафедрасы


0
4266

пікірлер

пікір қалдыру үшін.