Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ қызметкерлері 2018 жылғы жоғары білім беру көшбасшыларының Еуразиялық форумына қатысты

ҚММУ қызметкерлері 2018 жылғы жоғары білім беру көшбасшыларының Еуразиялық форумына қатысты

12 Маусым 2018

2018 жылдың 7-8  маусымында  Назарбаев Университеті жоғары білім беру көшбасшыларының жетінші конференциясын өткізді.  Конференцияның тақырыбы серпінді технологиялар дәуіріндегі жоғары білім беру Инновацияларына арналған. Конференцияға инновациялық технологиялар трансферті орталығы директорының орынбасары Ахметова Гульдана Егеубаевна және тәжірибелік дағдылар орталығының директоры Кемелова Гульшат Сейтмуратовна қатысты. Конференцияда жоғары білім беру реформасы саласындағы халықаралық сарапшылар мен көшбасшылар, яғни, профессор Джамиль Салми (АҚШ), профессор Лора Пул-Уоррен (Сиднейдегі Жаңа Оңтүстік Уэльс Университеті, Австралия), профессор Энни Ло (Азия-Тынық мұхиты аймағындағы вице-президент және бас директор, AACSB, Сингапур), доктор Старвос Яннука (Бас директор, білім беру мәселелері бойынша дүниежүзілік инновациялық саммит (WISE), Доха, Катар).  Конференция спикерлері  білім беруді компьютерлендіру, оқу үрдісінде жаппай онлайн-курстардың рөлін арттыру, білім алушылардың жеке білім беру траекториясына өту қажеттілігі сияқты өзекті мәселелерді көтерді. Осы және басқа да мәселелер медицина білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық біліктілігін арттыру үшін жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеуде пайдалы болады, өйткені болашақ мамандығы бойынша бітірушілердің белгісіз мамандықтарына сапалы дайындау мұғалімнің шығармашылығына байланысты болады.


0
4211

пікірлер

пікір қалдыру үшін.