Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Тромбоз бойынша 25-інші Еуропалық Халықаралық Конгресс

Тромбоз бойынша 25-інші Еуропалық Халықаралық Конгресс

11 Маусым 2018

Тромбоздық ауруларға қарсы Еуропалық және Жерорта теңізінің бірлестігімен ұйымдастырылған тромбоз бойынша 25-інші Еуропалық  Халықаралық  Конгресс 2018 жылы 23-26 мамыр аралығында Италияның Венеция қаласында Palazzo del Casino Venice Convention Center өтті.

 Конгресс жұмысына барлық Еуропа мемлекеттерінің ғалымдары қатысты. Жақын шетелдік мемлекеттерден Ресей және Қазақстанның өкілдері қатысты. Конгресс бағдарламасы 09.00 - 18.00 сағат аралығында құрастырылған, жүргізу форматы бойынша әр түрлі және қызықты (спикерлердің дәрістері, симпозиумдық ланч, ауызша баяндамалар, дискуссиялар және талқылаулар),  тромбоздарды емдеу және диагностикалау, заманауи пероральды антикоагулянттарды қолдану тактикасы, веноздық тромбоэмболиялар сұрақтары талқыланды, сондай-ақ қатерлі ісікпен науқастардағы тромбоздар мәселесі бойынша жеке  симпозиум жүргізілді. Қазақстанның атынан Қарағанды мемлекеттік медицина университетінен кафедра меңгерушілері Д.Ж.Тайжанова, Л.Е. Муравлева және PhD докторанты О.А. Вистерничан баяндама жасады және олар Конгресс спикерлерінің қызығушылығын туындатты.  


0
4181

пікірлер

пікір қалдыру үшін.