Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Шымкент қаласындағыОңтүстік ҚазақстанМедициналық Академиясында«Академиялық ұтқырлықты» өткізу

Шымкент қаласындағыОңтүстік ҚазақстанМедициналық Академиясында«Академиялық ұтқырлықты» өткізу

08 Маусым 2018

Қазіргі заманғы даму кезеңіндеакадемиялық ұтқырлық білім берудің сапасын арттырудың маңызды тәсілі болып табылады.

2018 жылдың 21 мамыры мен 1 маусымы аралығындаҚарағанды Мемлекеттік Медицина университеті жұқпалы аурулар жәнедерматовенерология кафедрасының ассистентіБейсенова Гүлжахан Рахимбаевна академиялық ұтқырлық бағдарламасы деңгейінде Шымкент қаласының Оңтүстік Қазақстан Медициналық Академиясында(ОҚМА) Шымкент қаласында жұмыс істеді.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберіндемамандығы «Жалпы медицина» дайындау бағыты «Жалпы тәжірибелік дәрігер», 627, 619 топтарында «Жұқпалы аурулар» пәні бойынша 2 кредит көлемінде (дәрістер, тәжірибелік сабақтаржәне ОЖСӨЖ) өткізілді.

Жұқпалы аурулар бойынша ҚР клиникалық хаттамалары мен клиникалық жағдайлар негізінде мәселелік бағдарламалы дәрістер оқылды. Инфектологияның маңызды тақырыптары бойынша: АҚИ (оба, туляремия, сібір жарасы, тырысқақ, КҚГҚ, сарып), құрттар, ЖРВИ, күл, АИВ – инфекциясы және т.б. бойынша тәжірибелік сабақтар өткізілді.Сабақты өткізу барысында салыстырмалы диагноз, лабораторлы диагноз қоюмен қатар ҚР жұқпалы аурулар бойынша клиникалық хаттамаларды меңгеруге көңіл аударылды. ОЖСӨЖ – да белсенді оқу әдістері TEAM – BASED LEARNING (TBL) мына тақырыптар бойынша: сібір жарасы, тырысқақ; CASE BASED LEARNING (CBL) көрсетілген тақырыптар бойынша «Құрттар», «Жұқпалы мононуклеозда» қолданылды. Сабақты өткізу барысында осы әдістердің негізгі әдістемелері қолданылды. «Жедел және созылмалы сарыптар» бойынша рольдік ойындар өткізіліп коммуникативті дағдылар элементтері қолданылды. Стандартталған пациент, науқас төсегінде мини клиникалық емтихан және ОҚКЕ (5 кезеңі) өткізілді. Өткізілген маңызды тақырыптар бойынша студенттер ғылыми эссе жазды.

Сабақ өткізілгеннен кейін студенттер арасында анкеталар жүргізіліп, оң пікір алынды. Студентердің пікірі бойынша белсенді оқу әдісі түсінуді жеңілдетеді, өткен оқу материалдарын меңгеру мен бекітуде маңызды екенін атап өтті. TBL және CBL, рольдік ойындар клиникалық мәселерді шешумен қатар, коммуникативті дағдыларға үйретеді, сонымен қатар, командада жұмыс істеу, өзара түсіністік  пен алынған теориялық білімді қолдануға үйретеді.

ОҚМА жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының емдеу ісіне қатысты. Кафедра меңгерушілері мен доценттердің клиникалық тексерулеріне, консилиум мен қиын жағдайларды талдауға ат салысты.


0
4208

пікірлер

пікір қалдыру үшін.