Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Лестер Университетінің (Ұлыбритания) профессоры Мохаммед Аль-Узридің ҚММУ-не сапары

Лестер Университетінің (Ұлыбритания) профессоры Мохаммед Аль-Узридің ҚММУ-не сапары

08 Маусым 2018

2018 жылдың 28 мамыры мен 1 маусымы аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Лестер университетінің (Ұлыбритания) профессоры Мохаммед Аль-Узри Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің инновациялық технологиялар трансферті орталығында ҚММУ тренерлерін оқытты.

Тренерлерді оқыту ағылшын тілінде жүргізілді.

Тренинг бағдарламасына оқу мақсаттарын тұжырымдау, оқу бағдарламаларын жоспарлау мен бағалау, үлкен және кіші топтарды оқыту, жеке оқыту, кері байланысты ұсыну, сонымен қатар оқыту сапасын қамтамасыз ету сияқты аспектілер кірді.


Тренинг нәтижелері бойынша тренерлер ҚММУ-нің профессорлық-оқытушылық құрамы үшін, сондай-ақ 005 бюджеттік бағдарлама шеңберінде тренерлерді оқыту үшін модульдер бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын жасап шығаруы қажет.

ҚММУ-де болған кезінде профессор ҚММУ ректоры Р.С.Досмағамбетовамен, стратегиялық даму, ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор А.А. Турмұхамбетовамен кездесті. Халықаралық ынтымақтастық бөлімі профессорді ҚММУ-нің Практикалық дағдылар орталығымен  және анатомиялық мұражайымен таныстырды. Сондай-ақ профессор ҚММУ-нің психиатрия және наркология кафедрасымен таныстырылды.


0
4087

пікірлер

пікір қалдыру үшін.