Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Кардифф университетінен (Ұлыбритания) доктор Марк Толеманның ҚММУ-не академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясындағы сапары

Кардифф университетінен (Ұлыбритания) доктор Марк Толеманның ҚММУ-не академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясындағы сапары

08 Маусым 2018

2018 жылдың 4 маусымында профессорлардың акдаемиялық ұтқырлығы бағдарламасы аясында Қарағанды мемлекеттік медицина университетіне Кардифф университетінің (Ұлыбритания) инфекция және иммунитет кафедрасының аға оқытушысы доктор Марк Толеман келді. 

Доктор ҚММУ-нің микробиология кафедрасы мен ұжымдық пайдалану зертханасы қызметкерлері мен магистратура және докторантура студенттеріне дәріс сабақтары мен практикалық сабақтарын өткізетін болады.

Сапардың бірінші күні доктор стратегиялық даму, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор А.А. Тұрмұхамбетовамен кездесті.

Сондай-ақ,7 маусымда доктор ҚММУ ректоры профессор Р.С. Досмағамбетовамен кездесті. Кездесу барысында ректор Марк Толеман мырзаға ҚММУ-не іссапармен келгені үшін алғысын білдіріп, ары қарай ғылым мен медициналық білім беру саласындағы ынтымақтастықты жалғастыру мүмкіндігі талқыланды.

Доктордың ҚММУ-дегі академиялық ұтқырлығы 2018 жылдың 15 маусымына дейін жалғасады. 


0
4129

пікірлер

пікір қалдыру үшін.