Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
№2 Балалар аурулары кафедрасының м.ғ.д, профессордың м.а. С.Б Дюсенованың академиялық ұтқырлығы

№2 Балалар аурулары кафедрасының м.ғ.д, профессордың м.а. С.Б Дюсенованың академиялық ұтқырлығы

08 Маусым 2018

ЖОО ынтымақтастық туралы келісіміне сәйкес 2018 жылдың 10.05-20.05. аралығында мен, №2 Балалар аурулары кафедрасының м.ғ.д, профессордың м.а. С.Б Дюсенова СамМИ емдеу факультетінің педиатрия кафедрасында оқытушылардың ұтқырлық бағдарламасы бойынша іссапарда болдым.

Самарқанд мемлекеттік медицина институты – Орталық Азиядағы алғаш пайда болған медициналық университеттердің бірі, ол жоғары білікті медициналық кадрларды даярлауды қамтамасыз етеді. Институт ғасырлар бойы ғылым мен көрнекті мәдениеттің орталығы болып табылатын керемет Самарқанд қаласында орналасқан. Самарқанд мемлекеттік медицина институты 1930 жылы Өзбекстан Халық комиссарларының Кеңесімен  №80 қаулысымен 7 мамыр күні Өзбекстан мемлекеттік медицина институтымен бірге негізі қаланды.  Педиатрия факультетінің келесі кафедраларында:

-  №1 госпитальді педиатрия кафедрасында,

-  №2 госпитальді педиатрия кафедрасында,

-  Неонатология кафедрасында,

-  Факультеттік педиатрия мен балалар аурулары кафедрасында болдым.

Осы бағдарлама аясында келесі педагогикалық жұмыстар атқарылды:

«Балалардағы зәр шығару жүйесінің инфекциялық аурулары», «Рахит», «Балалардағы ақуыз -энергетикалық жеткіліксіздігі», «Балалардағы пневмония» және т.б. тақырыптарда дәрістер оқылды. «Жедел бронхиттер»,  «Пневмониялар», «Атопиялық дерматиттер», «Бронхиальді демікпе», «Геморрагиялық васкулит», «Тромбоцитопениялық пурпура», «Нефротикалық синдром» және т.б. тақырыптарда тәжірибелік сабақтар жүргізілді.

  Неонатология кафедрасындағы магистранттардың диссертациялық жұмыстарының алдын-ала қорғалуында болдым.

СамМИ стратегиялық серіктеспен бірлесе отырып, ҚММУ 5В1300100 «Жалпы медицина» 7 курс «ЖТД» интеріндеріне және «Педиатрия» мамандығының 6 курс интерндеріне «Балаларға кідіріссіз көмек көрсету алгоритмі» элективті пәніне жұмыс бағдарламасы жасалынды.

СамМИ тарихи мұражайына бардым. Бағдарламаға сәйкес медициналық институттың №1 педиатрия, №2 педиатрия, факультетті педиатрия мен балалар аурулары және неонатология кафедраларында тәжірибелік сабақтар мен дәрістер жүргіздім.

СамМИ 72 –ші студент –дәрігерлердің және жас  ғалымдарға арналған ғылыми-тәжірибелік халықаралық конференция өткізді. Мен осы конференцияның «Аналар мен балалардың  өзекті мәселелері» секциясына қатыстым. Баяндамалар орыс, ағылшын және өзбек тілдерінде оқылды. Ресейден, Тәжікстаннан, Қарағанды мемлекеттік  медициналық университетінен және т.б.елдерден студенттер қатысып, баяндамаларын ұсынды.

Аталғандардан өзге Самарқанд қаласындағы облыстық ауруханасының нефрология бөлімшесіндегі жағдайы ауыр науқастарға консилиумдар жүргіздім.

  ҚММУ ректоры м.ғ.д.,профессор Р.С. Досмагамбетоваға «ПОҚ-тың академиялық ұтқырлығы» жоспарына қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғысым шексіз. САММИ  ректоры А.М. Шамсиевке, проректор Б.А. Юлдашовқа,  емдеу  факультетінің Педиатрия кафедра меңгерушісі Л.М.Гарифулинға, Госпитальды педиатрия-2 кафедра меңгерушісі доц. Б.А Юлдашевқа, Неонатология курс меңгерушісі В.И.Лимға, Самарканд мемлекеттік медицина институтының жалпы барлық ұстаздарына жылы қабылдаулары үшін ерекше алғысымды білдіремін.

С.Б Дюсенова №2 Балалар аурулары кафедрасының м.ғ.д, профессордың м.а.                 


0
4319

пікірлер

пікір қалдыру үшін.