Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Online жүйесіндегі семинар-практикумында сөз сөйлеу

Online жүйесіндегі семинар-практикумында сөз сөйлеу

06 Маусым 2018

«Түркістан медицина колледжі» ШЖҚ МКК базасында Online жүйесінде «Оқу үрдісін бағдарламалық қамтамасыз ету – болашақ медицина мамандарын даярлаудың маңызды шарттарының бірі: ҚР медицина колледждері ІТ – орталықтарының озық тәжірибелерінен» тақырыбында семинар-практикум болып өтті.

Аталған семинарда Орта медицина қызметкерлерін дайындау факультетінің оқытушылары К.Н. Жумакаева, С.А. Қалдар «Информатика пәні бойынша оқу үрдісінде электронды оқулықтарды қолдану» тақырыбындағы баяндамасымен қатысып, нәтижесінде баяндама Online жүйесіндегі көрсетілімге таңдап алынды. Баяндама оқу үрдісінде электронды оқулықтарды қолдана білу, олардың артық және кем тұстары, сонымен қатар, «Ақпараттық байланыстар» тақырыбында электронды оқулықты құрастыру туралы көрсетілген презентациямен ұласты.

Орта медицина қызметкерлерін дайындау факультетінің оқытушылары К.Н. Жумакаева, С.А. Қалдар ҚР медициналық колледждер арасында ІІ орын иеленгені үшін диплом, сертификаттармен марапатталды.


0
3825

пікірлер

пікір қалдыру үшін.