Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Курск мемлекеттік медицина университеті (Ресей, Курск) делегациясының сапары

Курск мемлекеттік медицина университеті (Ресей, Курск) делегациясының сапары

29 Мамыр 2018

2018 жылдың 16-17 мамыр күні Қарағанды мемлекеттік медицина университетіне Курск мемлекеттік медицина университетінен: оқу-әдістемелік басқармасының бастығы Овод Алла Ивановна және Халықаралық қатынастар бөлімінің бастығы  Иобидзе Юрии Шалович бастаған делегация сапармен келген болатын.

Делегация сапары студенттік алмасу және мұғалімдер саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту болды. ЖОО-лар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Овод Алла Ивановна ҚММУ студенттеріне фармацевтикалық ғылымдар және химия кафедрасында дәріс оқыды.

Сапар аясында қонақтарға ҚММУ тарихы мұражайы, халықаралық ынтымақтастық бөлімі, халықаралық медицина факультетінің деканаты ұсынылды. ҚММУ бірінші ректоры Вайва Хендриксонмен, академиялық жұмыс департаментінің директоры А.С.Букеевамен, халықаралық медицина факультетінің деканы К.К.Төлеубековпен, халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы С.Б. Касымовамен кездесу өтті.


0
3792

пікірлер

пікір қалдыру үшін.