Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
АМУ-дағы академиялық ұтқырлық

АМУ-дағы академиялық ұтқырлық

29 Мамыр 2018

  ҚММУ биологиялық химия кафедрасы профессорының м.а. Г.А. Омарова ішкі академиялық ұтқырлық аясында 2018 жылдың 14-25 мамыр аралығында Астана медициналық университетінің жалпы және биологиялық химия кафедрасының білім беру процесіне қатысты. Ол «Жалпы медицина және «Стоматология» мамандықтарының 2 курс студенттеріне аталған мамандықтар оқу бағдарламасы бойынша дәрістер оқып, семинарлық, зертханалық сабақтар жүргізді.

«Жалпы медицина» мамандығы студенттерінің оқу топтарында «Бүйректер және несеп биохимиясы. Несептің қалыпты және патологиялық компоненттері. Несептің қалыпты және патологиялық компоненттерін анықтау» тақырыбы бойынша командалық-бағытталған оқыту әдісімен (Team-based Learning– TBL) зертханалық практикум жүргізілді. Бұл әдіс нақты жағдайлық есепті шешу барысында студенттердің командада жұмыс жасау дағдысын  дамытуға мүмкіндік тудырады.

«Кан биохимиясы», «Эритроциттер метаболизмінің ерекшеліктері», «Бүйректер және несеп биохимиясы» тақырыптарында практикалық сабақтар нақты жағдайлық есептерді шешу мысалында талданды.

Профессордың м.а. Г.А. Омарова кафедраның профессор-оқытушылар құрамы үшін «Су-тұз алмасуының реттелуі. Қалыпты және патологиялық күйлердегі несеп биохимиясы» тақырыбында мастер-класс өткізді.

Профессордың м.а. Г.А. Омарова АМУ-дың биохимия кафедрасында екінші курс студенттері арасында «Медициналық биохимия» пәнінен өткізілген олимпиаданың қазылар алқасы құрамында жұмыс атқарды.  Аталған пән бойынша студенттердің терең білімдері байқалды, таланты, креативтілігі, әзілге бейімділігі танылды. 

Г.А. Омарова

Биохимия кафедрасы профессорының м.а. 


0
3597

пікірлер

пікір қалдыру үшін.