Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Биология» мамандығының бакалавриат түлектерінің дипломын сәтті қорғалуы!

«Биология» мамандығының бакалавриат түлектерінің дипломын сәтті қорғалуы!

28 Мамыр 2018

2018 жылдың 25 мамырында 5В060700 «Биология» мамандығы бакалавриатының түлектерінің дипломдық жұмыстарының қорғауы өтті. Мемлекеттік аттестаттау комиссияның отырысына төрайымы Е.А.Бөкетова атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің зоология кафедрасының доценті, б.ғ.к., Тұрлыбекова Гүлжазира Қантарбайқызы, төрайым орынбасары Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің микробиология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., Ахметова Сауле Балтабаевна және комиссия мүшелері қатысты.

Бітірушілер Әлиханова Маржан Қайратқызы және Әбсағит Ләйлім Нығыметоллақызы Биология және Микробиология екі бітіруші кафедра оқытушыларының жетекшілігімен жүргізілген, мемлекеттік аттестаттау комиссия мүшелерімен жоғары бағаланған өз зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ұсынды. «Биология» мамандығының түлектерін дипломды сәтті қорғаумен құттықтаймыз және олардың жұмысына табыстар тілейміз!


0
3532

пікірлер

пікір қалдыру үшін.