Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақ тілі: Республикалық олимпиада жүлдегері

Қазақ тілі: Республикалық олимпиада жүлдегері

15 Мамыр 2018

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Мақаласын және «Төртінші өнеркәсіптік жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын насихаттау мақсатында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетінде жоғары оқу орындарында оқитын өзге ұлт өкілдері студенттері арасында «Қазақ тілі» пәні бойынша Республикалық пәндік олимпиада өткізілді.

  Олимпиадаға университетімізден Жалпы медицина факультеті 1-036 тобының студенті Сайфидуллаева Азиза қатысып, III дәрежелі Дипломмен марапатталды (жетекшілері – қазақ тілі кафедрасының оқытушылары Л.О.Жандарбекова мен Б.Е.Мукеева).

  Екі кезеңнен тұрған олимпиадада Азиза қазақ тілінен білімін дәлелдеп, алдыңғы қатардағы орындардың бірінен өзін көрсете білді.

  Азизаны жеңісімен құттықтаймыз!


0
3690

пікірлер

пікір қалдыру үшін.