Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Mедиацияның жаңа көкжиектері

Mедиацияның жаңа көкжиектері

15 Мамыр 2018

«Балалар аурулары пропедевтикасы» кафедрасының қызметкерлері 5 мамыр күні медиация бойынша жалпы курс бойынша оқуын аяқтады. Оқу медиаторлардың жаттықтырушылары: «Согласие» құқық және медиацияның халықаралық орталығы ЖМ директоры, София университетінің медиация пәні бойынша PhD докторанты, Г. К. Нарбаева және «Астана қаласының тәуелсіз медициналық эксперттер ассоциациясының» ҚҰ директоры А. Т. Сисенбаева. Жетекшілігімен өткен. Жаттықтырушылар кафедра оқытушыларының жоғарғы біліктілігін атап өтіп, Қарағанды қаласының медиаторлар ұйымын толуымен құттықтады. 

Кафедра қызметкерлері меңгерушісі профессор С. М Кабиева. тікелей басшылығымен жыл ішінде денсаулық сақтау жүйесіндегі медиация пәнін 5 курс студенттеріне аса жауапкершілікпен және ынталылықпен  оқытқан. Г. К. Нарбаева және А. Т.  Сисенбаева қатысқан кафедраға кеңестік және методикалық көмек көрсету мүмкіншілігі бар дөңгелек столдар, тренингтер жүргізген. Ынтымақтастық нәтижесінде студенттер арасында медицинадағы медиация рөлі туралы сауалнама жүргізілген, олардың қорытындысы бойынша құрметті жаттықтырушылар  Министрлік алдында медиацияны барлық медициналық  жоғарғы оқу орындарына енгізуін ұсынған. 


0
3622

пікірлер

пікір қалдыру үшін.