Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Астана Медицина университеті» АҚ профессор Л.Г. Тургунованың академиялық ұтқырлығы

«Астана Медицина университеті» АҚ профессор Л.Г. Тургунованың академиялық ұтқырлығы

10 Мамыр 2018

2018 жылдың 16 сәуірі мен  27 сәуір аралығында «Астана қаласының медицина университетінде» Қарағанды және Астана қалаларының медицина университеттері арасындағы тәжірибелік алмасуды жүзеге асыру мақсатында профессорлық-оқытушылық құрамның академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында №2 Ішкі аурулар кафедрасының профессоры Тургунова Людмила Геннадьевна тәжірибеден өтті.

 «Астана медицина университетінде» АҚ профессор Л.Г.Тургунова интернатураның ішкі аурулар кафедрасында білім алушы 7 курс интерн-терапевтеріне «Гематология» модулі бойынша дәріс өткізді. «Астана медициналық университетінің» интернатура кафедрасы және ҚММУ № 2 Ішкі аурулар кафедрасы арасында білім беру бағдарламасын, оқу-әдістемелік құралдарын бірлесіп дайындауда тиімді тәжірибеге ие. Академиялық мобильділік аясындағы ынтымақтастық интерн-терапевтерді дайындау кезіндегі тәжірибе алмасу және одан әрі қарай даму мүмкіндіктерін көрсетті.  Л.Г.Тургунованың қатысуымен инновациондық оқу әдістерін қолдана отырып жүргізілген тәжірибелік сабақтарға тек интерндер ғана емес, оқытушыларда қызығушылық танытты. Кафедраның клиникалық базасымен танысу барысында жақсы көзқарас қалыптасты, әсіресе кең ауқымды ауруларымен науқасты талдау, қазіргі заманғы диагностика және емге қол жетімділіктің болуы.  

ҚММУ ректоры профессор Р.С. Досмағамбетоваға және «Астана медицина университеті» АҚ ректоры профессор М.З. Шайдаровқа, «Астана медицина университеті» АҚ білім беру қызметі жөніндегі проректоры профессор Г.А. Жақсалықоваға, интернатура кафедрасының меңгерушісі профессор Б.А. Айнабековаға өз алғысымды білдіремін.

№ 2 Ішкі аурулар кафедрасының профессоры Л.Г Тургунова еңбегі Астана медицина университетінің қызметкерлерімен жоғары бағаланды, бұған «Астана медицина университеті» АҚ интернатура кафедрасының меңгерушісі профессор Б.А. Айнабековадан айтылған оң пікірлер дәлел бола алады.


0
4084

пікірлер

пікір қалдыру үшін.