Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ресей денсаулық сақтау минстрлігінің РязММУ ЖББ ФБББМ академиялық ұтқырлық

Ресей денсаулық сақтау минстрлігінің РязММУ ЖББ ФБББМ академиялық ұтқырлық

05 Мамыр 2018

2018 жылдың 17 сәуірі мен 26 сәуірі аралығында мен, медициналық психология және коммуникативтік дағдылар кафедрасының меңгерушісі Мациевская Лариса Леонардовна академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Рязандық мемлекеттік университетінің клиникалық психология және психотерапия кафедрасында клиникалық психология факультетінің 4 және 5 курс студенттеріне жалпы көлемі 24 сағат болатын «Топтық супервизия» тақырыбында 2 дәріс және «Психологиялық кеңес беру бойынша жаттықтыру сабағы және психотерпия» пәнінен тәжірибелік сабақтар өткіздім

Дөңгелек үстел шеңберінде клиникалық психология және психотерапия кафедрасының ПОҚ-мен өзекті кәсіби мәселелер талқыланды, біз мамандық бойынша жаңа электрондық әдебиеттермен алмастық. Сонымен қатар  клиникалық психология факультетінің деканы, п.ғ.к., ПҒХА корреспондент-мүшесі Н.В. Яковлевамен кәсіби түрде тілдесуге мүмкіндік туды. Кездесу кезінде біздің ЖОО кафедраларының серіктестігі туралы сұрақтар, клиникалық психология бойынша біліктілін жоғарылату, РИНЦ бар РязММУ журналында басылымдар мен мамандық бойынша конференцияларға қатысу талқыланды.

Кафедра оқытушылары мен студенттері маған экспресс-психотерапия, топтық психотерапия үлгісінде көрсетілген психотерапиялық амалдар мен техникасы нәтижесі бойынша позитивті кері байланыс көрсетті.

Сонымен қатар, академиялық ұтқырлық бағдарламасын өткізу кезінде кафедрада 54 сағат көлемінде «Тұлға психодиагностиканың өзекті мәселелері» тақырыбында біліктілікті арттыру циклін өттім.

РязММУ-де мен симуляциялық орталыққа бардым, онда симуляциялық білім беру технологиясы саласында әріптестерімнің ұйымдастырушылық жұмыстары мен жетістіктерімен таныстым. 

РязГМУ-дың халықаралық бөлімі маған іс-сапар уақытында «ЖОО денсаулық кепілі» ұранымен жұмыс жасайтын жоғарғы оқу орнының хауызымен қолдануға, ал түстен кейін облыстың тарихи орындарына барып қайтуға мүмкіндік берді: әйгілі орыс ақыны Сергей Есениннің туған жері - Костантинов мекенжайы, Рязандық кремль ансамблі, академик, Нобель сыйлығының  лауреаты А.П. Павловтың мұражайы, Рязань жерінің ғибадатханасы мен монастырларына барып қайттым.

ҚММУ мен РязММУ арасындағы байланыс екі халықаралық бөлім жұмыстарының арқасында өте тығыз және нәтижелі.   

РязММУ–ге кәсіби қатынас пен кәсіби өсуге мүмкіндік бергені үшін шын жүрегімнен ризашылығымды білдіремін, ал өзімнің ЖОО басшылығы мен ҚММУ-нің халықаралық бөлім қызметкерлеріне осындай жемісті іс-сапарды ұйымдастырып, жүзеге асырғаны үшін рахмет айтамын.   

 

Л.Л. Мациевская

       


0
3481

пікірлер

пікір қалдыру үшін.