Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
БІЗ ӨЗ СТУДЕНТТЕРІМІЗБЕН МАҚТАНАМЫЗ!

БІЗ ӨЗ СТУДЕНТТЕРІМІЗБЕН МАҚТАНАМЫЗ!

04 Мамыр 2018

2018 жылдың 13-15 сәуірі аралығында Астана қаласында "Рухани Жаңғыру" қоғамдық сананы жаңғырту Бағдарламасының аясында «БІЛІМ -ОБРАЗОВАНИЕ - EDUCATION» (Қазақстан) Республикалық ғылыми-педагогикалық орталығы өткізген «Жас ғалым» ғылыми жобаларының Халықаралық сайысы өтті. Бұл студенттердің білімге және зерттеуге деген қызығушылықтарын арттыру жолымен білім беру сапасын жоғарлатуға бағытталған білім жобасы.  Бұл сайыстың мақсаты  - білім алушының шығармашылық потенциялын ашуға, білімін шыңдауға және бекітуге, игеруге студенттердің танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруға бағыттайды.


Аталған сайыста «Медициналық ғылымдар» секциясында ҚММУ патологиялық анатомия кафедрасын 2,3 және 5 курс студенттері таныстырды (ғылыми жетекшісі -  доцент  Сауле Амангельдиевна Мусабекова). Балалар жоғарғы деңгейде болды!

1-ші орын  -  2001 топтың студенттері Шолпанкулова Әлия, Айтбай Бексұлтан және  Жексенбинова Адема.

2-ші орын -  3023 топтың студенттері Райхан Төлеген  және Қайдар Бақдәулет.

3-ші орын -  2001 топтың студенттері Әнуарбекова Зере, Муратбекова Мадина және  Турсынбаева Аида; 3022,3023,3024 топтың студенттері Канатова Альбина және Сагитова Дана; Кенжебаева Асель, Кнаятова Сагыныш  және Ахметова Мариям; 5 курс студентті Багач Елизавета.

Патологиялық анатомия кафедрасының ұжымы студенттерді жүлделі орындарымен құттықтайды! Жаңа шығармашылық табыс және биік шыңдарды бағындыруды,ең мықты жасампаздық жоспарлардың жүзеге асуын, сәттілік, шабыт және тамаша көңіл-күй тілейді. 

Сіздер ең үздіксіздер!!!

Проф. М.М.Тусупбекова


0
4234

пікірлер

пікір қалдыру үшін.