Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Бұрымды қыз» байқауы

«Бұрымды қыз» байқауы

04 Мамыр 2018

   “Ақжүніс” қыздар клубы  2018 жылдың 27 сәуірінде  «Бұрымды қыз» байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты - қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т. б. жан - жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу, қазақ халқының ұлттық өнерін, салт - дәстүрін дәріптеуге үйрету, қатысушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту, көпшілік алдында өзін - өзі ұстай білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Байқау барысында  “Ақжүніс”  қыздар клубы өз өнерлерін ортаға салып, мың бұралып би биледі. Байқау 4 кезеңнен тұрды:

1 кезең: әлеуметтік желі арқылы қыздар  өз шаштарының суретін  және өзі туралы мәліметтерді жіберді. Ең бұрымды деген бес қыз таңдап алынды.

2 кезең: Бейнеролик арқылы өздері туралы, шаш күтімі туралы ойларымен бөлісті. Байқау жалғасын тауып қыздардың шашының бұрымдылығын көру мақсатында дефиле көрсетілді. 3 кезең: Сұрақ-жауап кезеңі: Қыздардың салт-дәстүрге деген танымдылығын байқау үшін сұрақтар қойылды, сол арқылы қыздардың ақылына көркі сайы екенін байқадық.Соңғы 4 кезең: Қатысушылардың ептілігін, ой жүйріктілігін білу мақсатында таңдау  арқылы түрлі заттар берілді (маска, медициналық перчатка, шарф, бахила, қалам, лента). Осы заттар арқылы шаш үлгісін 7 мин уақыт аралығында жасап шықты.Қыздар бар өнерлерін ортаға салды. Әділ қазылар құрамында:

  Оразова Бакыт Оразовна- орта медицина қызметкерлерін дайындау факультетінің қазақ тілі пәнінің оқытушысы; Рахимова Толкын Сериковна- жастармен жұмыс жөніндегі бөлімнің маманы; Жакенова Альбина-  “Ақжүніс”  қыздар клубының алғашқы жетекшісі; Әуез Арайлым- «Бұрымды қыз - 2017»  жеңімпазы. Әділ қазылардың шешімімен байқау жеңімпаздары анықталды. Олар бұрымды қыз 2018 жеңімпазы және кірпік ұлғайту (наращивание ресниц) сертификаты иегері- Маханова Динара Ералықызы 1-017 ЖМФ; ІІ орын иегері және гельді жабу (гель покрытие) сертификаты иегері - Смәтіллаева Мөлдір Бауыржанқызы 3022 ЖМФ; ІІІ орын иегері және сыйлық жиынтығының иегері- Әуесхан Аружан Бақытжанқызы 101 КОМ. Базарбай Мерей Мейірбекқызы 102 КОМ мен Қарсыбай Гүлайым Бауыржанқызы  5-011 ЖМ алғыс хаттармен марапатталды.
  Соңында бәрі жалпы фотосуретке түсіп, құттықтау сөздер айтылып,байқау өз мәресіне жетті.

 «Ақжүніс» қыздар клубының қатысушысы

Карамбаева Айнур Нуртасовна 2-037ОМ


0
4380

пікірлер

пікір қалдыру үшін.