Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«2018 жылдың үздік студенті» жобасының жеңімпаздары

«2018 жылдың үздік студенті» жобасының жеңімпаздары

03 Мамыр 2018

2018 жылдың 27 сәуірінде Астана қаласында «Татулық көпірі» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, «Үздік студент» жобасының аясында жүзеге асырылған, алғашқы студенттік «Жас қыран» кітап жиынтығының ашылуы және есімдері осы кітапқа енген студенттерді марапаттау рәсімі болып өтті. 

Аталған жобаға еліміздің барлық аймақтарынан ғылым, спорт, өнер және тағы басқа бағыттар бойынша алға суырылып шыққан, ең үздік студенттер қатысты. 

Кітапқа «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық, республикалық және аймақтық олимпиадалардың, конференциялардың, жобалар мен мақалалардың лауреаттары; қоғамдық жастар қозғалысының көшбасшылары мен белсенділері, Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері, Олимпиада ойындарының, халықаралық спорттық жарыстарының лауреаттары мен жүлдегерлері және біздің университеттің үздік студенттері кірді, атап айтсақ:

·  Абдрахманов Аманжол «Жалпы медицина» мамандығының 6 курс «ЖТД» интерні

·  Жұмаділова Жібек  «Жалпы медицина» мамандығының 6 курс педиатр-интерні

·  Темирбаев Даниар  «Жалпы медицина» мамандығының 7 курс хирург-интерні

·  Гарифуллина Рузиля  «Стоматология» мамандығының 5 курс студенті

·  Дюсенбаева Жанерке  «Жалпы медицина» мамандығының 5 курс студенті

·  Қойшыман Ернар«Жалпы медицина» мамандығының 5 курс студенті енді.

ҚР Мемлекеттік елтаңбасының авторы, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткері Жандарбек Мәлібеков ­Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің үздік студенттеріне және еліміздің 100 ең үздік студенттеріне «Жас қыран» кітабын, «2018 жылдың  үздік студенті» төс белгісін және еңбегі туралы куәлікті тапсырды. 

Біздің үздік студенттерімізді марапаттарымен құттықтаймыз!  Шығармашылық табыс, жаңа бастамалар, қызықты ойлар және алдағы уақытта  да өркендей берулерін тілейміз!

Гарифуллина Рузиля

«Стоматология» мамандығы бойынша 5 курс студенті


0
4360

пікірлер

пікір қалдыру үшін.