Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Вакцинация – жұқпалы аурулардың алдын алудың тиімді және қолжетімді әдісі

Вакцинация – жұқпалы аурулардың алдын алудың тиімді және қолжетімді әдісі

02 Мамыр 2018

«Дені сау адам табиғаттың ең асыл өнімі»

Томас Карлейль

Иммундық алдын алу шаралары жұқпалы аурулармен аурушаңдылықтың төмендеуіне үлкен үлес қосты. Оған мысал ретінде әлемдегі табиғи шешек пен 3 құрлықтағы полиомиелиттің жойылуы және туберкулезді менингит пен сіреспенің іс жүзінде жойылуын келтіру жеткілікті. Қызылшамен аурушаңдылық пен оның асқынуын жоққа жақындатты, эпидемиялық паротит, қызамық, көкжөтел мен дифтерия және тиісінше олардың асқыну жиілігі кенет төмендеді. ДДҰ қорытындысы бойынша 2025 жылға қарай көкжөтел, эпидемиялық паротит пен дифтерия сияқты аурулар толық жойылуы мүмкін.

 Балалар жұқпалы аурулар кафедрасында 20 сәуірде «Вакцинация – жұқпалы аурулардың алдын алудың тиімді және қолжетімді әдісі» тақырыбында презентация өткізді. Бұл іс-шара жыл сайын 24-30 сәуір аралығында өтетін «Бүкіләлемдік иммунизация» апталығына арналған.  Оның мақсаты әр бала мен ересек адам арнайы алдын алу затттарымен аурулардан қорғануы қажет екенін терең түсіну арқылы халықтың вакциналармен қамтылу дәрежесін көтеру. Конференцияға 4 курс студенттері, 6 және 7 курс интерндері, сонымен қатар кафедра мұғалімдері қатысты.

Жұмыстың өзектілігі өмірінің белгілі бір кезеңінде үлкендер де, балалар да вакцинация мәселесімен кездеседі, ал олардың тиімділігі мен зиянсыз әсері жайлы даулар осы күнге дейін тынышталар емес. Соңғы жылдары әлемде екпеге деген бірігей емес көзқарастар қалыптасқан. Заманауи вакциналар көптеген аурулар мен оларға байланысты өлім мен мүгедектіліктен жоғары қорғаныс дәрежесін қамтамасыз етуіне қарамастан, міндетті екпеге деген  қарсыластар азаймауда. Бұл уақытта қарсыластардың дәлелдері ғылыми базамен ортақ емес немесе бұрыс және ғылыми әдебиетті арнайы түрде бүлінген теорияға негізделген.

Презентацияда иммунологиялық алдын алу және вакцинация әр адам өмірінің ажырамас бөлігі ретінде секілді мәселелер қамтылды. Біздің еліміздегі Ұлттық екпелер күнтізбесі ұсынылды. Вакцинация (ревакцинация) жүргізілетін аурулар және бүгінгі күнде бар екпелердің қаншалықты қауіпсіз екендігі қарастырылды. Сонымен қатар, ата-аналардың вакцинациядан дәлелсіз бас тартулары талқыланды. Ата-аналардың вакцинациядан бас тартудың негізгі себептері – діни көзқарастар, отандық медицина мен және дәрі-дәрмектің сапасына деген сенімсіздік, сүйемелдеуші іс-қағаздар және оларды жүргізу,  халықтың ақпараттылығының төмендігі, асқыныстардан қорқу. Әрдайым көпшілік арасында болатын баланы ата-анасы вакцинирлеуден бас тартқан жағдайда, оның эпидемиялық паротитпен (басқа да жұқпалы аурулармен) науқастануы мүмкіндігі артады. Ары қарай, репродуктивті жаста жыныс бездерінің қайтымсыз зақымдануымен жүретін орхиттің даму қауіптілігі жоғары. Оның салдары бедеулікке әкелуі мүмкін. Осыған байланысты дені сау ұрпақ үшін екпелік алдын алу қажет. Әлемдік тәжірибе көрсетуі бойынша басынан өткерген жұқпалы аурулардың асқыныстары екпеден кейінгі асқыныстардан мың есе жоғары.

Баяндама соңында студенттер мен интерндер иммунологиялық алдын алуды  белсенді талқылап, өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, оқытушылар тарапынан толық жауап алды. Қорытындылай келе, болашақ дәрігерлер вакцинация жұқпалы ауруларды алдын алудың маңызды және тиімді әдісі деп бірауыздан шешімге келді.

Ю.Г. Стариков,  балалар жұқпалы аурулары кафедрасының доценті

Т.А.Ибраев, У.А. Слямханова 7-022 топинтерндері


0
4219

пікірлер

пікір қалдыру үшін.